Datasets:

Modalities:
Text
Formats:
parquet
Libraries:
Datasets
pandas
Dataset Viewer
Auto-converted to Parquet
title
stringlengths
11
68
author
stringlengths
0
31
text
stringlengths
0
783k
metadata
dict
Нұрбатыр Құдайбердиев кермеге
ҚАЛАСЫ 35 рет тартылып, рекорд жасады. Сонымен қатар Алишер Сыдыкбаев, Бекберген Кенжебаев, Ислам Усманов, Асқар Сейдахмет, Мерхат Талғатұлы, Ғалым Жылқыбеков, Әділет Мақсұтов өз санатында жеңіске жетіп, 200 мың теңгенің сертификатын еншіледі. Күміс пен қола жүлдегерлер 100 және 50 мың теңгенің сертификатын иеленді. Ең кіші және үлкен қатысушылар да марапаттан тыс қалмады. Фестивальдың ең жас қатысушысы - 7 жасар Егор Горяев, ең үлкені Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «ЕО» - 63 жастағы қатысушы Әбдуәли Тастанов болды. Сондай-ақ кермеге 5 рет тартылған 13 жастағы Лашын Мырзақұл мен 13 рет тартылған 12 жастағы Арина Уткинаны да айта кеткеніміз жөн. Tartyl Ееві-те бақ сынаған жігіттер кермеге жалпы саны 4 731 тартылды. Айта кетейік, әр салмақ бойынша жеңімпаз атанғандар қыркүйек айында өтетін фестивальдың финалдық кезеңіне жолдама алды. ТАЛДЫҚОРҒАН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ
{ "date": "№138 (30367) 22 ШІЛДЕ", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30367" }
Қазақстан Республикасы Судьялар одағы
Орталық кеңесінің шешімімен «Үш Би» төсбелгісімен және көптеген мерекелік медальмен марапатталды. Зейнетке шыққаннан кейін де жұмыстан қол үзбеді. Алматы қалалық соты Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып, жас мамандарға, судьяларға әдепті болу, қазақ тілін шебер меңгеру және шешендік өнерді үйрену жайлы дәріс оқыды, әділдік принциптерін қатаң сақтауға баулыды. Билердің өнегелі жолдарын ұстанып, сот төрелігінде «Адал би - әділ би» қағидатына сүйенуді үйретті. Бұл ретте әділ билікке тірек болған дәстүрлі құқығымызды, оның тарихи-танымдық маңызы зор үлгісі, академик Салық Зиманов құрастырған «Қазақтың ата заңдары» кітабын әрбір судья міндетті түрде оқып білуін насихаттады. Осындай ұлтжандылығы, ұлы билердің ұлағатты ісін, әділ билік үлгісін тәрбие тәлімі еткен еңбегі жас судьялардың жүрегінен орын алды. Мен білетін реформатор, білікті басшы Марат Нұрбекұлы осындай жан. Ал судья Марат Нұрбекұлы қандай адам деп сұрасаңыз, Томан бидің мына бір шешендік сөзі Марат биге арналғандай: «Шешілмей жатқан дауды шешіп айт, Қиянат жолын кесіп айт, Қызыл желдей есіп айт, Ақиқаттың салмақ жолына түсіп айт, Ақиық қырандай, Нұрлы аспанды құшып айт, Сөзің болсын сап алтындай ұстаған, Әділ билік арың болсын нұсқаған».
{ "date": "№112 (30341) 15 МАУСЫМ", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30341" }
Заманның заңғар жазушысы
Мұхтар Әуезовтің қаламынан туған «Қорғансыздың күні» трагедиясы қай уақытта болсын өзектілігін жоғалтпақ емес. Өйткені сенім мен нанымнан аттаған, жақын тұтқан адамынан опық жеп жүрген кейіпкерлер қазіргі өмірдедежетерлік. Кешегітайғақ кешкен заманда әкесі Жақыптың сүзектен кетіп, артынан ай өтпей бауырынан айырылған, кәрілік меңдеген әжесі мен зағип анасына қарайлаған Ғазизаның тағдыры жүрек басына у құйып, көрерменді терең ойға қалдырады. Жазықсыз қызғалдақтың жәбір тартқаны ашкөздік пен тойымсыздықтың, нәпсінің кесірінен екенін ұғындырады. Бүгінде де мұндай азғындар жетіп-артылады. Балдырғандарға көз қадайтын арам ниеттілер заң алдында өз жазасын тартса да, адам шошырлық қылмыс әлі тоқтаған жоқ. Кешегі мен бүгінгінің арасына осылайша ой жетелеткен Әуезовтің шерлі шығармасы Талдықорған төрінде сәтті сахналанды. Маусымашар қойылымда актерлік шеберліктерімен тәнті еткен театр майталмандары жұрт қошеме тіне бөленді. Өнер иелері облыс әкімінің ықылас гүлін алды. Облыс басшысы спектакль ден соң мәдениет ошағының шығармашылық ұжымымен тілдесті. «Облыс орталығында осындай академиялық аурасы бар, классикалық үлгіде салынған керемет ғимараттың болуы қуантады. Халыққа рухани қызмет жасайтын І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы да бар. Енді осыған ішкі мазмұнымыз да сай болуы керек. Бүгін Мұхтар Әуезовтің классикалық туындысын әсерлі қойдыңыздар. Музыкамен көркемдеудің, техникалық мүмкіндіктердің шебер қолданылғаны байқалып тұр. Классикалық шығарма қай дәуірде де жаңғырып тұратын өлмейтін туынды. Дегенмен қазіргі заманның тынысын тап басатын, адамның ішкі қалтарыстарындағы өзгерістерді, жаңғыруларды ашатындай дүниелерді де жарыққа шығару керек. Сіздер ізденіспен жаңа шығармалар жазып, ұсынсаңыздар, мен әрдайым қолдаймын», деді Б.Исабаев. Кездесу барысында Қазақстанның халық әртісі Алмахан Кенжебекова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлихан Ыдырышева бастаған театр әртістері хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнерді өркендету бағытында пікір бөлісті. Жетісу облысы Суретті салған Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ Қазандағы жеңіс Елорданың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасындағы (КХЛ) кезекті тур ойынын Татарстанның бас шаһары Қазан қаласында өткізіп, жергілікті «Ак Барс» клубынан басым түсті. Қазандағы «Татнефть Арена» мұз сарайында жеті мыңға жуық жанкүйердің қатысуымен өткен ойында елордалықтар матч тағдырын небәрі екінші кезеңнің өзінде шешіп тастады. Бірінші кезеңнің 18-минутында «Барыс» сапынан қазақстандық қорғаушы Самат Данияр мергендігімен көзге түсіп, осы маусымдағы алғашқы голын соқты. Үзілістен кейін айдын иелері сан басымдығын пайдаланып, 22-минутта таразы басын теңестірді. Голдың авторы - Кирилл Петров. Дегенмен жергілікті жанкүйерлердің қуанышы ұзаққа созылмады. Арада бес минут өткенде Әділ Бекетаев нысананы дәл көздеп, ойындағы және өзінің осы маусымдағы екінші шайбасын соқты. Кейіннен 32-минутта «Барыстың» канадалықшабуылшысы Линден Вей сан басымдығын жүзеге асырып, таблодағы көрсеткішті 1:3-ке жеткізді. Екінші кезеңнің аяқталуына төрт минут қалғанда Артем Галимов есеп айырмасын қысқартқанымен, қалған уақытта «Барыс» есептегі басымдығын сақтап қалды - 2:3. Мұның алдында жерлестеріміз Нижний Новгородта «Торпедодан» 3:1 есебімен жеңіліп қалған болатын. 17 ұпаймен «Шығыс» конференциясында алтыншы тұрған «Барыс» алдағы бес ойынды енді елордада өткізеді. Ертең Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» клубын қабылдайды. КƏСІПҚОЙ БОКС Олжалы оралды Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (29-1, 22 KO) kacinkoii бокстағы келесі жекпе-жегін өткізіп, қарсыласынан басым түсті. АҚШ-тың Флорида штатындағы ПлантСити қаласында өткен бокс кешінде жерлес1м1з аргентиналық Хавьер Франсиско Масьельмен (34-18,23 КО) қолғап түйістірді. Сегіз раундқа жоспарланған айқаста 38 жастағы қазақстандық боксшы төрешілердің бірауызды шешімімен жекпе-жектің жеңімпазы деп танылды. Осылайша, отандасымыз кәсіпқой бокстағы 29-шы жеңісіне қол жеткізді. Ал өз елінде «Жыртқыш» деген лақап атымен танымал болған Масьель 18-мәрте жеңілістің кермек дәмін татты. Айта кетейік, бұл - Қанат Исламның карьерасындағы алғашқы жеңілісінен кейінгі жеңісі. Ол осы жылдың ақпан айында британиялық Джимми Келлиден ұпай саны бойынша ұтылып қалған еді. ТЕННИС
{ "date": "№193 (30422) 10 ҚАЗАН", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30422" }
Дүниежүзілік Өнер және ғылым академиясының мүшесі
Иван КИРИН,
Конституциялық тәртіп - мемлекет болашағының негізі Террористік қатерді жою, конституциялық тәртіпті қалпына келтіру және Қазақстан халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қазақстандық тараптың жедел әрі батыл ісқимылдарына қолдау білдіремін. Қазақстан басшылығы жариялаған демократиялық реформалар бағыты мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің жаңа құрамына қойған міндеттері экономикалық және әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешуге қызмет ететініне сенімдіміз. Қазақстандық депутаттарға Қазақстан халқының игілігі үшін ауқымды мемлекеттік реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету жолында табысты жұмыс тілеймін. Хорватия Республикасы Саборындағы
{ "date": "№25 (30254) 7 АҚПАН", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30254" }
Роботтехника - жаңазаман талабы
Рахатгүл БӨКЕЙ,
Роботтарды күнделікті өмірде, өндірісте пайдалану үшін қолданушылар роботты басқару біліміне, дағдыларына ие болу керек. Сол үшін робот техникасына қызығушылық, базалық білім және дағды қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі таңда мектептегі информатика пәні мұғалімдері оқушыларға роботтехниканы да үйретіп жүр. Роботтехникамен жұмыста инженерлік бағдарламалауды жасай алу, өз бетімен дербес бағдарламаларды құрастырып, оларды іске асы ру назарға алынады. ізденіп, интернеттен роботтың түрлерімен, оның қолданылу салалары туралы мәліметтермен танысып, бір-бірімен бөлісіп отырды. Жоспардағы роботтарды жасап үйренді. Оны құрастыру онша қиын емес, оның бағдарламасын жазып, құрастырған роботты қозғалысқа келтіру сәл қиын болатынын көріп білді. Топтағы оқушылардың Робот техникасы дегеніміз - зияткерлік автоматтандырылған техникалық жүйелерді әзірлеу және пайдаланумен айналысатын қолданбалы ғылым. Жалпы, бұл бағдарламаның өзектілігі білім беру жүйесінде жаратылыстану ғылыми бағытында оқушылармен жұмыс істеу және оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, инженерлік ойлау негіздерінің алғышарттарын қалыптастыру деп ойлаймын. 2030 жылға қарай адам санасымен тепе-тең нанороботтар шығарылады деген жаңалық бар. Бұдан жасанды интеллекттің болу мүмкіндігі жоғары екенін көріп отырмыз. Себебі роботтарға кез келген мәселені талдау және шешім қабылдау қабілеті қажет. Заман ағымынан қалып қоймай үстіне нұр болар еді. роботтехниканы өзіміз де үйреніп, сонымен бірге оқушыларымызға да үйретуге де кірісіп кеттік. Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімдері атынан оқушыларымызға роботтехникасының базалық жиынтығын сыйладық. Осындай жабдықтамалар көбейіп, окушыларымыздың мүмкіндіктері арта берсе нұр Мен «Робот техникасы» бойынша курсты 2019 жылы сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында оқыдым. 2020 жылы қазаннан бастап оқушыларға бейнероликтерді пайдаланып, теорияны үйрете бастадым. Себебі роботтың өзі болмады. Оқушылар бұл сабаққа ынталы болып, өздері теседі. бірі құрастыратын робот түрін ойластырып, оған қандай бөлшектердің керек екенін анықтап келсе, басқалары сол бөлшектерді қолдануға ыңғайлы етіп басқа бөлшектерден айырып жинап береді, енді біреулері үлгі бойынша құрастыруға көмек Роботтехника бағытының даму болашағы зор. Роботтехника негіздерін оқып-үйренуде бірқатар жалпы білім беретін пәндерден білімдерін пай далану қажет. Роботтехника оқушылардың сын тасы. тұрғысынан ойлауын дамытуға және практикалық тапсырмаларды шеше білуге ықпал етеді. Сонымен қатар бұл жастарды ғылым, технология, математика арқылы жаңашылдыққа шабыттандыратын, бүгінгі күннің мәселелерін шешу үшін өз дағдыларын қолдануға, жағдайды талдауға, шығармашылықпен ойлауға мүмкіндік беретін өте тартымды білім ор Роботтехника сабағы физика, математика, информатика пәндерінен алынған білімді қажет етеді. Бұған қоса тіл байлығы да керек. Себебі роботтан жарысқа қатысқан оқушы өз жобасын қорғап, өз ойын ашық жеткізе білу керек. Робот техникасын оқыту балалардың қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, шынайы өмір проблемаларымен шұғылдана алатын оқу ортасын қалыптастырады. Бұл орайда «Робот техникасы» элективті курсы балалар үшін құрастырушылық оқу тәжірибесін меңгерудің таптырмас құралы бола алады. Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі, техника ғылымдары магистрі Ақмола облысы ТАЛАП ЖӘНЕ ТӘРТІП
{ "date": "Ne50 (30279) 15 НАУРЫЗ", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30279" }
Шағдар өз сөзінде: «Мен нағашым
Ақбаланың күй тартқанына қатты қызығып өстім. Ол кісі қартайған шағында Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «ЕО» 66 МУЗЫКА ЗЕРТТЕУШІЛЕРІ АҚБАЛА КҮЙЛЕРІНІҢ ЖЕТІСУ МЕН СЫР БОЙЫ КҮЙШІЛІК ДӘСТҮРІНІҢ ҚАҚ ОРТАСЫНАН АРНА ТАРАТКАНЫН АЙТЫП ЖҮР. ӨЙТКЕНІ ОНЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫНАН АЛАТАУДЫҢ АСҚАҚ БИІГІН КӨРУГЕ БОЛАДЫ, ЖАМБЫЛДЫҢ ЖЫРЛАРЫ ЕСТІЛЕДІ, БЕТПАҚТЫҢ БЕТЕГЕЛІ ДАЛАСЫ КӨЗГЕ ШАЛЫНАДЫ, СҮЛЕЙЛЕРДІҢ РУХТЫ САРЫНЫ ҚҰЛАҚ ТҰНДЫРАДЫ. біздің үйімізде тұрды. Күйді шалқалап жатып күмбірлетіп тартатын. Менің домбыра шертуге әуестеніп жүргенімді сезіп, маған хандым ағашынан домбыра жасатып берді», дейді. Ол домбыра қазіргі таңда Жетісай еліндегі Сырдария университетінің фольклорлық кабинетінде сақтаулы тұр. Өсе келе Шағдар сол төңірекке аты шығып, күйші ретінде таныла бастайды. Жалпы айтқанда, Шағдардың музыкалық сауаты болмаса да Ақбала күйлерін осы күнге айнақатесіз, нақышын да, қағысын да бұзбай жеткізді. Сондай-ақ Шағдар бала күнінен құлағына сіңген Ақбала күйлерімен қатар, Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина сынды күйшілердің шығармаларын есту қабілеті арқылы үйреніп, тартқан. Шағдардың домбыра тартысына, Ақбаланың күйлерін халқына қалтқысыз жеткізгеніне риза болған күй зерттеушісі, белгілі ғалым Ақселеу Сейдімбек мынадай баға берген: «Ақбаланың Шағдардай жиені бар бақытты ғой, бұл Ақбаланың күйлерін жетесіне жеткізді ғой», деген. Шағдар ауылда дәрігер болып жұмыс істесе де, қара домбырасын қолынан тастамаған. Домбыра тартқанда тек бас бармақ пен сұқ саусақты сипай қағып, жұмсақ қана шерту арқылы дыбысты құлаққа жағымды етіп шығаруды меңгергенін Ақбаладан үйренген шеберлік деуге болады.
{ "date": "№91 (30320) 17 МАМЫР", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30320" }
Өзі аңсаған, жеткенше асық болған
Көкшетауға табаны тиісімен көңілі су сепкендей басылған. Қазан мен Көкшетау қаласында тұруға рұқсат жоқ. Шығармашылықпен айналысудың да жолы кесілген. Абақтыдан шыққан адамды еш жерге жұмысқа алмайды. Өгей шешенің өктем үні Колымадағы жаналғыш айдауылдардың қаһарлы айғайы тәрізді, тіпті одан да бетер сыңайлы. Өлдім-талдым дегенде Краснояр ауылындағы аудандық тұтынушылар қоғамының асханасына орналасқан. Әр күн сайын комендатурада тіркеліп отыруы керек. Бұрынғы көзі таныстар халық жауы атанған жазушыға жоЛап кетсе, күйесі жұғатындай қорқып, ат-тондарын ала қашады. Таныс қана емес, ет жақын ағайын, туыстар да. Бәрінен көңілі қалған жазушы өзінің табиғат сыйлаған талантына ғана сенеді. Шығармашылықпен айналысуға тыйым салынса да Колыма қасіретін жазуы керек. Бар шындықты. Кейінгі жұрт жаралы жылдардың жылнамасын, жазықсыз сотталғандардың тағдырын білуі үшін. Тұрмыс ауыр. Өзгені былай қойғанда тамақ табудың өзі қасіретке айналған. Осы арада жазу өнеріне деген құштарлықтың қаншалықты мықты болатындығына тәнті боласың. Әйтеуір, 1956 жылы халық жауы Салаховтың ісі қайта қаралып, толық ақталып шыққан. Айдауда жүрген кезіндегі ауыр азап біржола ұмыт болуы мүмкін емес еді. Сәл ғана арқасы кеңігендей, тұла бойына тылсым күш құйылған. Қазан қаласынан «Далатолқындары» атты жыр жинағы жарық көрді. Кіндік қаны тамған қазақ даласының топырағы туралы. Перзенттік махаббатын, үлбіреген іңкәр сезімін арқау еткен. Арқаның ақтаңгері - Ақан серінің асқақ өнерін, ертегідей сұлу ғұмырын егжей-тегжейлі зерттеді. Серінің ауылындағы көнекөздермен жүздесіп, әлде аңыз, әлде шындық, небір ғажайып естеліктерді жазып алды. Сері тағдыры тәнті еткен. Өзгеше өмір, айрықша сұлу, мәнді де мәңгілік өнер. Тебірене толқыған, құлшына қалам сермеген. Осы еңбегінің арқасында «Құлагер» поэмасы өмірге келді. Жан жары Магинур Сүлейменова жазушының бар жағдайын жасады. Түзде ердің, үйде әйелдің жұмысын атқарды. Өзі де нәп-нәзік, сәл аурушаң болса да алдынан жұмыс үркіп отыратын. 1948 жылы шаңырақ көтерген. Перзенттері дүниеге келді. Шамиль мен Камиль өсіп келеді. Үлкен ұлдары Нығмет, Ахат, Ульфат енді ер жетіп келе жатқан кезінде опат болған. Қаншама қайғы-қасірет. Кейін ұлы Шамиль де бақытсыз жайға душар болып, өмірден өтіп кетті. Адам жаны, оның ішінде нәпнәзік ақын жаны осыншалықты төзімді болар ма?! Осының барлығын көтерген. Қайғы-қасіретті белден кешіп жүрсе де бір күш, бір құдірет қолтығынан демеп, алға жетектейтіндей. Ол құдірет жазу өнеріне деген махаббат еді. 1965 жылы онысбай ШЕЖІМБ. , «EC Коллажды жасаған Көкшетау өлкесіндегі тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты «Көкшетау қыраттарында» романы жарық көрді. Ақын тілімен жазылған әсерлі де әдемі роман оқырмандар тарапынан жақсы бағасын алды. Сол жылдары «Емендер тамыр жайғанда» роман-эпопеясының үш бөлімі жарияланып, атақ-даңққа бөленді. Ибрагим Низамұлы бес тілді бірдей меңгерген адам. Татар, қазақ, орыс тілдерін жетік білуімен қатар, араб пен түркітілін детәп-тәуір білетін. Заманында көкшетаулық белгілі қаламгер Жанайдар Мусин өзінің досы Ибрагим Салаховты қазақ жазушыларын орыс тілінде сөйлеткені үшін қазақ әдебиетінің нағыз жанашыры деп бағалаған. Көкшетауда туып-өскендіктен Ибрагим аға жергілікті ұлттың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін ғана емес, ұшан-теңіз поэзиясын, қазақтың әрідегі ауыз әдебиетін өте жақсы білетін. Сол білімі талай шығармаларында көрініс тапқан. Балаларға арнап жазған шырайлы шағын шығармалары өз алдына бір төбе. Қолыңа алсаң қайғы-қасіреттің бет қаратпас дауылы алай-дүлей соғып тұрғандай әсер ететін «Колыма қасіреті» қаламгердің соңғы туындыларының бірі әрі азапты шығармашылығындағы шоқтығы биік дүниесі. Осы кітапты отыз жылға жуық уақыт бойы жазған екен. Неткен сұмдық шыдам. Шынайы шығарма әділ бағаланғандықтан Татарстанның Ғабдолла Тоқай атындағы мемЛекеттік сыйлығы берілген. Заманында КСРО Жазушылар одағының мүшесі болған қаламгер Татарстанның еңбек сіңірген қайраткері атанған. Қос халықтың арасындағы достықтың дәнекері атанған «Парасат» орденінің иегері Ибрагим Салахов Көкшетау қаласының құрметті азаматы. Шығармашылығын, елге сіңірген еңбегін сөз қадірін білетін өңірдің құрметтегені де. Әбден лайық! «Колыма қасіретін» асықпай, әр сөзінің астарындағы салмаққа мән беріп, тағы бір оқып шықтық. Қайғы қаптап, мұң мелтектеп тұр екен. Сарытап сағыныш көл-көсір. Мынау жарық дүниеден әділдік іздеген, адалдық аңсаған ақын жүрегінің тебіренісі. Жазықсыз жалалы болу қандай қиын еді. Көңілдегіні жазуға тырыстық. Әрине, жазушының жан-дүниесін толайым бере алмаспыз. Біз мұндай қасіретті көрген жоқпыз. Көруге де жазбасын. Ақмола облысы ТАРИХТОЛҚЫНЫНДА
{ "date": "№31 (30260) 15 АҚПАН", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30260" }
Әдебиет және өнер бөлімі
Ерлан ЖҮНІС
Интернет-редакция бөлімі Динар КЕРІМ МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Ақмола облысы - Байқал Байәділ тел.: Алматы облысы - Қалмаханбет Мұқаметқали тел.: Атырау облысы - Жолдасбек Көшербайұлы тел.: Актебе облысы — Баян Куандыккызы тел.: Абай облысы - Жақсылық Сағадат тел.: Батыс Қазақстан облысы - Қазыбек Құттымұратұлы тел.: Жамбыл облысы - Табиғат Мұсылманқұл тел.: Жетісу облысы - Мұхтар Күмісбек тел.: Қарағанды облысы - Қызғалдақ Айтжан тел.: Қостанай облысы - Нұрқанат Кулабай тел.: Кызылорда облысы - Мұрат Жетпісбай тел.: Маңғыстау облысы - Гүлайым Дәуітбай тел.: Павлодар облысы - Мурат Қапанұлы тел.: Солтүстік Қазақстан облысы - Жақсыбай Самрат тел.: Түркістан облысы - Ғалымжан Елшібай тел.: Ұлытау облысы - Ахат Құрмансейіт тел.: Шығыс Қазақстан облысы - Мерей Қайнарұлы тел.:
{ "date": "№194 (30423) 11 КАЗАН", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30423" }
Апатты «қолдан жасап» алмасақ игі
Оралхан АХМАДИЯ,
Соңғы жылдары Қаныш Сәтбаев атындағы Ертіс -- Қарағанды каналынан ІШідерті өзенінің төменгі арнасына су жіберуге бөлінетін қаражат күрт қысқарып, жергілікті шаруаларды тығырыққа тіреп қойды. Мал ұстаған ағайын сапалы шөптен қағылды. Ол былай тұрсын, су мөлшерінің азаюы өңірдің флорасы мен фаунасына кері әсерін тигізбек. Сонда табиғи апатты қолдан жасамақпыз ба? «Egemen Qazagstan» Бұл туралы әңгіме бұған дейін көп айтылмайтын. Себебі бөлінетін қаржы да, сәйкесінше су мөлшері де жеткілікті болатын. Ресми деректерге сүйенсек, 1993-1998 жылдары каналдан Шідертінің төменгі арнасына 100 млн текше метрден су жіберіліп тұрған. 2000-2004 жылдар аралығында мүлдем су босатылмапты. Ал 2005-2008 жылдары 50 млн текше метрден су жайылатын болған. Одан кейінгі жылдары аталған көрсеткіш 100 млн текше метрден түсіп көрген емес. Алдыңғы жылы небәрі 40 млн текше метр су бөлінеді дегенді естіген жұрт абдырап қалғаны рас. 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетте каналдан су жіберуге қаржы қарастырылмапты деген әңгіме де желдей есті. Бұл іске дереу су шаруа шылығы саласының ардагерлері араласып, облыс әкімдігіне, министрлікке, тіпті Президент Әкімшілігіне дейін хат жазып қана қоймай, Нұр-Сұлтан қаласына арнайы барып, мәселені бетпе-бет шешуге тырысқан еді. Ел газеті «Egemen Qazaqstan» да бұл мәселені бірнеше рет қаузап, көтерді. Нәтижесінде, қосымша қаражат қарастырылып, соңғы екі жылда шамамен 80 млн текше метр су босатылды. (Соңы 10-бетте) ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ БАҒАМДАРЫ: ШЕСК/К7/Т 558.72 С5О/К7Т 505.22 ІКСВ/К7/Т 4.9 I CNY/KZT 79.41 24 НАУРЫЗ 2022 ЖЫЛ 2 EGEMEN @AZAQ@stTAN САЯСАТ Береке-бірліктің мейрамы Мемлекет басшысы әз Наурызды алматылықтармен қарсы алды (Соңы. Басы 1-бетте) Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың көркем шығармашылық жұмыстарының көрмесімен және сарайдың жаңа инновациялық қызметімен танысты. Мемлекет басшысы биология және нейротехнология, гидропоника, 3D модельдеу және робот жасау зертханаларын, сондай-ақ анимация, дыбыс жазу, білім беру медиажобаларына арналған студияны аралап көрді. Мемлекет басшысы оқушылармен әңгімелесті және оларды Наурыз мерекесімен құттықтады. Президент балаларға сыйлықтар тарту етті, соның ішінде мобильді құрылғы арқылы басқарылатын соңғы үлгідегі оқу телескопын сыйға тартты. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Оқушылар сарайына автобус сыйлады. Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының барлық талабына сай келетін Алматыдағы жаңа үстел теннисі орталығын аралап көрді. Президентке спорт кешенінің инфрақұрылымы таныстырылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жас спортшы қызбен теннис ойнады. Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жас спортшыларға сәттілік тілеп, теннис ра кеткасына қолтаңба жазып берді. Заманауи орталықта жарыс өткізетін 12 және жаттығу жасайтын 24 үстел дықты трибунамен жабдықталған. Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылардың шабуылына ұшыраған Алматыдағы Asia Park сауда ойын-сауық орталығына барды. Президентке зардап шеккен кэсшкерлер тарапынан түскен өтініштердің бәрі қарастырылып жатқаны туралы мәлімет берілді. Жергілікті әкімдіктің ақпаратына сәйкес, қазір барлығы 1 236 өтініш қолдау тапқан. Жалпы 6,191 млрд теңге көмекке бөлінді. Сонымен қатар жуық арада шығын көлемі шамамен 20 миллиард теңге болатын тағы 170-ке жуық өтініш қаралатыны айтылды. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен орта және шағын бизнес өкілдерімен кездесті. Мемлекет тарапынан шығыны өтелген жеке кәсіпкерлер қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Президент шағын және орта бизнеске қолдау жалғасатынын, зардап шеккен Суреттерді түсіргендер А, ДҮЙСЕНБАЕВ, Ғ.ӨМІРБЕКОВ бар. Зал үстел теннисіне қажетті алты автоматты тренажермен, кәсіби бейне және аудио құрылғылармен, көрермендерге арналған 328 орын дердің шығыны өтелетінін жеткізді. Мемлекет басшысы кәсіпкерлермен кездесуден кейін нысандағы қалпына келтірілген сауда нүктелерін аралады. Әлеуметтік қолдау шаралары арта береді Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев GreenTAL әлеуметтік шеберханасының жұмысшыларын және «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы соғыс және еңбек ардагерлерін Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабар лады Сенаттың баспасөз қызметі. GreenTAL әлеуметтік жобасының негізгі мақсаты- әлеуметтік осал топтағы азаматтарды (мүгедектігі бар адамдар, балалар үйінің түлектері, жалғыз басты аналар) оқыту және жұмысқа орналастыру. Шеберханада ағаш және тігін цехтары, полиграфия және безендіру студиясы жұмыс істейді. Кәсіпорын жұмысшыларын мерекемен құттықтаған Сенат Спикері соңғы жылдарда мемлекет тарапынан мүгедектігі бар адамдарды және басқа да әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдау бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын айтты. «Мемлекет басшысы мүгедектігі бар адамдарға жүйелі түрде қолдау көрсету ісіне үнемі баса мән беріп келеді. Бұл сала - Сенат жұмысының да басым бағыттарының бірі. Президентіміздің тапсырмасы бойынша сенаторлар әлеуметтік кәсіпкерлік туралы заң әзірлеп, қабылдады. Онда осы саланы қолдаудың нақты шаралары мен түрлі жеңілдіктер көрсетілген. Қазір бұл заңның іс жүзіндегі тиімділігін арттыру маңызды. Қажет болған жағдайда сенаторлар әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдаудың жаңа шараларын ұсыну және әрі қарай іске асыру үшін әлеуметтік кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс істеуге дайын», деді М.Әшімбаев. Сондай-ақ Сенат Төрағасы Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында айтылған саяси реформаларға тоқталып өтті. Ол жаңа бастамаларды іске асыру мүгедектігі бар адамдардың да саяси және азаматтық белсенділігін арттыруға тың серпін беретініне сенім білдірді. Сонымен қатар Палата Спикері елорда әкімі Алтай Көлгіновпен бірге «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Бұл жерде егде жастағы және мүгедектігі бар адамдарға сапалы күтім жасау бойынша толық кешенді қызмет көрсетіледі. Наурыз мейрамына орай Орталық тұрғындарына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шараны ашқан М.Әшімбаев сол жердегі Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлеріне еліміздің мемлекеттілігін қалыптастыруға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. «Аға буынныңерік-жігері мен қажырлы еңбегінің арқасында біз тәуелсіздігімізді нығайтып, егемен ел құра білдік. Біздің ардагерлеріміз ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және қазақстандықтардың жаңа буынын тэрбиеЛеуге үлкен үлес қосып келеді. Сол үшін сіздерге алғысымызды білдіреміз. Қарияларымызға қамқорлық танытып, барлық жағдайды жасау - біздің перзенттік және азаматтық боршымыз. Мемлекет бұл бағыт бойынша әрі қарай белсенді жұмыс істеп, әлеуметтік қолдау шараларын арттыра береді», деді Сенат Спикері. Мәулен ӘШІМБАЕВ: Наурыз - елдік пен ынтымақтың, бірлік пен берекенің мерекесі Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев фейсбук әлеуметтік желісінде Наурыз мейрамымен құттықтады. Онда былай делінген: Құрметті достар! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз - жаңару мен жаңғырудың бастауы. Бұл күн елдік пен ынтымақтың, бірлік пен берекенің мерекесі. Халқымыз әз Наурызды қашанда жақсылық пен жаңашылдықтың жаршысы ретінде үлкен үмітпен қарсы алады. Ұлтымыздың ежелден қалыптасқан салт-дәстүрі осы күндерде кеңінен дәріптеледі. Тіршілік атаулы түгел қайта жанданатын осындай сәтте еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басуы символдық мәнге ие. Шын мәнінде, халық Мемлекет басшысының Жолдауын жаңа Қазақстанның бастауы ретінде қабылдап жатыр. Сондықтан Жаңа жылымыз жаңа мақсаттар мен міндеттер іске асатын табысты жыл болады деп үміттенеміз. Жыл жақсылығымен келсін. Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтай отырып, әр отбасына амандық, құт-береке және жаңа жетістіктер тілеймін! Әз Наурызда айтылар ақ жарма тілектер қабыл болып, арманмұраттарымызға жете берейік.
{ "date": "№55 (30284) 24 НАУРЫЗ", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30284" }
Қысқы Олимпиада қорытындыланды
Әли БИТӨРЕ,
Шучье қаласында жуырда ғана Қытай астанасы -- Бейжіңде мәресіне жеткен XXIV Қысқы Олимпиададағы Қазақстан ұлттық құрамасының нәтижесіне сарап тама жасалған қорытынды жиын өтті. Отырысқа Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Парламент Сенатының депутаттары, Ақмола облысы әкімдігінің, Ұлттық Олимпиада комитетінің, министрлікке бағынысты ұйымдардың өкілдері, Қысқы спорт түрлері федерациясының басшылары, сондай-ақ мемлекеттік жаттықтырушылар қатысты. XXIV кыскы vat KOPbITDII алысы бойынш «Egemen Qazaqstan» «Қысқы Олимпиададағы нәтиже көңіл көншітпейді. Токиодағы сайыста тек қоламен шектелдік. Бейжіңнен мүлде жүлдесіз оралған ұлттық құрамаға қоғам ренжулі. Көпшіліктің сыны орынды деп ойлаймын. Екі Олимпиададағы нәтижеміз спорт саласында қордаланған мәселелердің бар екенін көрсетіп берді», деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев. Министр бұл мәселені шешу жолы жүйелі жұмыс екенін атап өтті. «Алдағы төрт жылдың ішінде жағдайды өзгерте салу оңай емес. Бұған таңда уақыт керек. Ол үшін барлық деңгейдегі спортшыларды дайындау жүйесіне спорт секцияларынан бастап Олимпия ойындарын қалыптастыруға дейінгі кешенді өзгерістер қажет. Бүгінгі күні біздің алдымызда тұрған үлкен міндет - спортты дамыту бағдарламасының бастамасын әзірлеу. Оған спорт нысандарының құрылысынан бастап, жарыс күнтізбелері мен оқу-жаттығу жиындарын жүйелеу, кәсіптік және бұқаралық спортты қаржыландырудағы балансты орнату, барлық деңгейдегі спорт мектептерін кадрлармен қамтамасыз ету. Төрешілерді, жаттықтырушыларды, спорт дәрігерлерін даярлау және осы секілді атқарылар жұмыстар көп. Әзірленген даму жоспарын ел Президентімен келісіп, оны жүзеге асыруға кірісеміз. Қазақстандық спортшыларды дайындайтын «Париж-2024» және «Милан-2026» арнайы бағдарламалары да осы жобаға енгізіледі. Бар жауапкершілік пен жүзеге асыру жұмысын министрлік өз міндетіне алуға дайын», деді Д.Абаев. Сондай-ақ министр спортты дамыту бағдарламасын әзірлеуді спортшыларды даярлау жүйесіне тәуелсіз кешенді тексеру жасаудан бастау керек екенін айтты. Сонымен қатар олұлттық құрама спортшыларына қажет қолжетімді инфрақұрылым, білікті жаттықтырушылар тапшылығы, аз жалақы алатын спорт төрешілерінің мәселелеріне тоқталды. Жиын барысында ведомство басшысы биатлон мен шаңғы жарысын дамыту бойынша пилоттық жобаның басталғанын жеткізді. Министр спорттық резервті сапалы дайындау қажеттігіне де баса назар аударды. 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап республикалық деңгейде олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалардың спортшыларын дайындау функцияларын әдеттегідей Ұлттық Олимпиада комитеті емес, Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Спортты дамыту жөніндегі республикалық дирекциясы жүзеге асырады. Министр жауапты вицеминистрге дирекция қызметінің қысқа және орта мерзімді кезеңге арналған жұмыс жоспарын әзірлеуді тапсырды. «Сізден сұрайтыным, ұлттық құрамалардың дайындығын тиянақты жоспарлауға мән беріңіз. Ұлттық Олимпиада комитетінің күнтізбелік жоспарына қайтақайта өзгерту мен толықтырулар енгізуді тоқтататын кез жетті. Осындай жүйесіз жоспарлаудың кесірінен біз ақшаның көп бөлігін спортшылардың әуе билетіне жұмсаймыз. Өйткені тығыз алынады. Сондай-ақ дирекция әдістеме, күнтізбе, спортшылардың оқу-жаттығу барысы бойынша жоспарлар мен есептерді қатаң бақылауға алуы керек», деді Д.Абаев. Ұлттық Олимпиада комитеті Спорт дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов ХХТУ Қысқы Олимпиададағы қысқы спорт түрлері бойынша ұлттық құрама қорытындысын жариялады. Ол Абзал Әжіғалиевтің, конькиші Надежда Морозованың жетістігін ерекше атап өтті. «Олимпиаданың нәтижесі бізге сәйкес келмейді. Жастар алға ұмтылуы керек. 30 жастағы спортшылардың бәсекелес ізбасарлары жоқтығын көрсетеді. Коронавирус індеті Галышеваға әсер етті, Қалмырзаеваға да карантинде шектелуге тура келді. Конькимен жүгіру спорты дегенде қазақстандық спортшылардан есімізге бірінші болып Денис Кузин түсетіні жасырын емес. Бірақ Кузин дүниеге келген Қостанай қаласында мұзайдын кешені жоқ, есесіне футбол а кеңейтілген ӘЗІЛІН стадионы салынып жатыр. Егер сіздің өңірден осы спорт түрінен әлем чемпионы шыққан болса, неге жабық мұзайдын салмасқа?! Министрлік басшылығынан осы мәселелерге назар аударуды сұраймын. Шорт-трек қазіргі таңда фристайл могул, фристайл акробатика секілді әлемдік спорттың элитасы саналады. Федерациялар спорттың бұл түрін бағдарламаға енгізіп, аймақ спортшылары жұмылдырылуы керек. Себебі әлем тәжірибесінде спортқа, ең алдымен, федерациялар жауапты. Біз спорттық медицинаға көңіл бөле бастадық, 3 облыста орталықтар жабдықталды. Ғылым бойынша - генетикалық зерттеулер жүргізе бастадық», деді Е.Қанағатов. Могул фристайлдан бас жаттықтырушы Елена Круглыхина қысқы спорт түрлерінен жоғары сапалы инфрақұрылымы мен 50 жылдан аса тиімді басқару институттары қалыптасқан АҚШ, Ресей, Норвегия, Жапония, Швеция басқа да елдердің спортшыларымен салыстырғанда қазақстандық спортшылардың бәсекеге қабілетті екендігіне назар аударды. «Бізге резервтік кешендер қажет. Оқушы сабақтан шыққан соң жаттығатын орын жоқ. Сондай-ақ спортшыларымыз қатысатын сайыстарды БАҚ-та тікелей эфирде көрсету маңызды. Төрешілер әдетте Канада немесе Франция спортшыларының ұпайын арттырып жібереді. Өйткені оларды көріп, тамашалап отырған алып күш бар, ол - телевизиялық аудитория», деді Е.Круглыхина. Шаңғы жарысы бойынша бас жаттықтырушы Александр Батяйкин республика көлемінде бұқаралық спорттық шараларды өткізу, өңірлердегі балалар жаттықтырушыларына жағдай жасау, оның ішінде жалақы көтеру, заманауи спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, әдістемелер әзірлеу секілді мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ ол өз шәкірттерінің Олимпиададағы төмен нәтижесі үшін кешірім сұрады. Ұлттық шаңғы қауымдастығының бас хатшысы Асқар Валиев шаңғының фристайл, трамплиннен секіру, скандинавиялық комбинация және тау шаңғысы бойынша ұлттық құрамалардың нәтижелеріне талдау жасады. «Бұл спорт түрлерінің дамуы үшін 20, 40, 60 метрлік жаттығу трамплиндері қажет. Елімізде тау шаңғысын дамытпау - өте ұят деп санаймын. Фристайлакробатика - өте әсерлі көрініс. Біздің спортшылар үш қарғып секіруге барды. Бұл - қолдауды қажет ететін перспективалық көзқарас. Жалпы, жазғы дайындыққаарналған трамплин нұсқасын қарастырып жатырмыз», деді А.Валиев. Жиын соңында қысқы спорт түрлері бойынша РОДО директоры Мұратбек Қыпшақбаев жиынға қатысушыларды Шортанды қаласындағы Ұлттық шаңғы орталығымен таныстырды. Сондай-ақ олар Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша режиссер Алдияр Байракимов түсірген «Паралимпиадашы» фильмінің алдын ала көрсетіліміне қатысты. ІСІ 28 АҚПАН 2022 ЖЫЛ ӘЛЕМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН EGEMEN QAZAQSTAN 5
{ "date": "№40 (30269) 28 АҚПАН", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30269" }
YHIbLIBIFbIMBI3Fa қайшы емес пе?
Елімізде әрбір алтыншы отбасы бір перзентке зар болып отыр. 14 мыңнан аса ерлі-зайыптының табиғи жолмен балалы болуға мүмкіндігі жоқ. Бүгінде бала аңсап бармаған жері, баспаған тауы жоқ осындай отбасылардың көбі ЭКҰ көмегіне сүйенетіні жасырын емес. Алайда бұл амалдан да қайран болмаса, сәби сүюдің соңғы жолы -- суррогат анаға жүгінуге мәжбүр болады. Қанша жерден бұл біздің дәстүрлі таным-түсінігімізге жат болғанымен де, қазір «құрсақ ана» қызметін ұсыну да, оған жүгіну де қалыпты жағдайға ай налып барады. [54 Орынбек ОТЕМУРАТ, «Egemen Qazaqstan» «Жалдамалы жатыр» жарнамасы «жер жарып» тұр «Жалдамалы жатыр» қызметі бала сүйе алмай амалы құрығандардың соңғы мүмкіндігі болса, ал әлдекімдер үшін тиімді табыс көзі болып тұр. Қазақстанда барлық жай-жапсары заңмен реттеліп рұқсат етілгендіктен, бұл қызметтің де саудасы қызып, кәдімгі нарықтан парқы болмай барады. Бүгінгі таңда суррогат ана болуға талаптанушылар да және оларға тапсырыс берушілер де көптеп табылады. Бұрын «құрсақ ана» болуға жақын-жұрағаты болмаса, басқа қаракөздеріміздің келісе қоюы неғайбыл сияқты көрінетін. Ал қазір интернетке жазып, суррогат анаға сұрау салсаңыз, «іздегенге - сұраған» болып түр-түрімен «аналар» табыла кетеді. Тіпті суррогат ананы тауып беруден бастап баланы қолға алғанға дейінгі барлық процеске көмектесетін, құжаттарды заңды түрде түгендеп беретін агенттіктер де көбейіп келеді. Ондай агенттіктер арасында бәсеке қызу, жарнамалары да «жер жарады». Мысалы, Алматыдағы суррогат ана қызметін ұсынушы бір агенттіктің сайтынан «Ребенок под ключ» деген жарнаманы көріп тіксініп қалдық. Басында үрке қараған осының бәрі келе-келе үйреншікті үрдіске айналып кететін сияқты. Алайда балаға тапсырыс, тауар ретінде қарау, сондай-ақ бала көтеретін әйелді қатардағы қызмет көрсетуші деп санау адам құқықтарының сақталуымен қаншалықты сәйкес келеді, жалпы адамгершілікке сыя ма? Тақырыпты тарқата түсу үшін алдымен суррогат ана қызметінің заңмен қалай бекітілгеніне тоқтала кеткен жөн. Еліміздің «Неке және отбасы туралы» Заңында суррогат ананың қандай ұғым екені, оған қойылатын талаптар мен шарттар жан-жақты көрсетілген. Бұл заңның «Суррогат ана болу және қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану» деп аталатын және алты баптан тұратын 9-тарауында тараптардың құқықтары мен міндеттері толық қамтылған. Заңдағы мазмұн бойынша, суррогат ана - сыйақы төлене отырып немесе өтеусіз негізде некеде тұрған ерлі-зайыптылардан және балалы болғысы келетін адамдардан, яғни генетикалық ата-аналарынан қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану жолымен бала көтеруге, босануға келісімін берген әйел. Суррогат ана мен ықтимал атаана арасындағы шарт жазбаша түрде жасалады және міндетті түрде нотариатта куәландырылуы керек. Осы келісімшарт негізінде барлық қызметтің ақысын, материалдық шығынды тапсырыс беруші ерлі-зайыптылар төлейді. Өз кезегінде суррогат анаға өзімен шарт жасасқан адамдарға босанған баланы беру міндеттеледі, яғни ол баланың анасы болудан үміттенбейді. Қазақстанда 2004 жылдың 16 шілдесінде қабылданған осы заң біздің қоғамда «құрсақ ана» қызметінің кең етек алуына жол ашты. Содан бері елімізде суррогат ананың құрсағынан қаншама мыңдаған бала дүниеге келді. Бұл туралы нақты ресми дерек жоқ, бірақ осыдан бірер жыл бұрын 20 мыңнан аса баланың туғаны туралы ақпарат тараған. Қалай дегенмен де, қазіргі кезде «құрсақ ана» ұғымы қоғамдық сипат алып, бұл қызметті көрсетуге ниетті әйелдердің қатары көбейіп жатыр. Өйткені жоғарыда айтқанымыздай, бедеулік диагнозы қойылған ерлі-зайыптылар саны артып жатқанда, суррогат аналарға сұраныс азаймақ емес. Ал «жұмыртқадан жүн қырыққан» қазіргі нарық заманында бұл сұраныстан әжептеуір табыс табуға болады.
{ "date": "№53 (30282) 18 НАУРЫЗ", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30282" }
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
ӘКК-лердің лауазымды тұлғаларының жер телімдерін беруде өз өкілеттіктерін теріс пайдалану деректері бойынша сотқа дейінгітергеп-тексерулерді бастады. Осы іс-шара барысында Астана қаласында және Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының «Astana», «Тараз», «Сарыарқа», «Солтүстік» ЭККлері заңды тұлғаларға 33 жер телімін басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілмеген инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, рәсімдеп бергені әшкереленіп отыр. Мысалы, Қарағанды облысында 2019-2021 жылдар аралығында Қарағанды, Балқаш, Жезқазған және Сәтбаев қалаларының әкімдіктері «Сарыарқа» ӘКК-не 14 жер телімін Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын және қалалардың бас жоспарларын бұза отырып берген. Солтүстік Қазақстан облысының «Солтүстік» ӘКК 6 жер телімін құрылыс салушыларға ешқандай сауда-саттық өткізбестен үлестірген. Осыған ұқсас бұзушылықтар арқылы кәсіпкерлерге Астана қаласында - 8, Жамбыл облысында 5 жер телімі берілген. Заңсыз берілген жер Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, « телімдерінің барлығы Антикордың араласуымен мемлекет меншігіне қайтарылды. Мемлекет басшысы көтерген ЭККлерден олардың құзіретіне жатпайтын активтерді алу мәселесі де өзекті күйінде тұр. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысының «Солтүстік» ӘКК осыдан бірнеше жыл бұрын жеке меншіктен жергілікті «Первый Северный» телеарнасын сатып алған екен. Енді оны аукционға салса да, ешкімге өткізе алмай әлек болып отырған көрінеді. Үкімет қазір ӘКК-лерді жергілікті атқарушы органдарға өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесетін коммерциялық емес заңды тұлғалар Өңірлік даму институттары (ӨДИ) етіп қайта форматтауды ұсынып отыр. Олардың міндеті кәсіпкерлердің қажетті ақпарат іздеуге жұмсалатын транзакциялық шығындарын төмендету, адами ресурстардың дағдылары мен құзыреттерін дамыту, қажетті өндірістік және мамандандырылған инфрақұрылымды құру және оның қолжетімділігін арттыру арқылы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу болмақ. ӨДИ-лердің қарауында олардың жарғылық мақсаттарында көзделген қызметтерін қамтамасыз етуге қажет мүлік қана қалдырылмақ. Бейінді емес активтердің барлығын жекешелендіру немесе жергілікті атқарушы органдарға беру ұйғарылған. Түйіндей айтқанда, аты дардай болғанымен, ел ішінде, әсіресе кәсіпкерлік ортада абыройдан жұрдай болған ЭККлерді трансформациялау ісі созбаққа салынбай, тездетілсе, құба-құп. ТҮЙТКІЛ
{ "date": "№218 (30447) 15 ҚАРАША", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30447" }
Нөмірдің кезекші редакторы
Рауан ҚАЙДАР
{ "date": "№122 (30351) 29 МАУСЫМ", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30351" }
Осыдан көп жыл бұрын этнограф-жазушы
Сейіт Кенжеахметов мына бір әңгімені айтып берген еді: «Біздің бала кезімізде Торғайда қылағай қызыл сиырлар болды. Жүдеубастау, тұрқы кішкене, сүті аз мал. Ел бұл малдарды баяғы аштық жылдары Семей жақтан айдалып келген сиырдың тұқымы деуші еді», дейді жарықтық. Сөйтсек, 1920-1921 жылдары Торғайда алапат аштық болған тұста Алаш арыстары Жүсіпбек Аймауытов бас болып, М.Дулатов, Қ.Сәтбаев қостап, Семей өңірінен жүздеген сиыр жинап, аштықтан өзегі талған Торғайға жаяу жалпы айдап келіп, елге тегін таратып берген екен. Сөйтіп, халықты аштықтан аман алып қалған. Сөзімізді түйіндер болсақ, марқұм жазушы Дидахмет Әшімханов бір жазбасында: «Қазір халық алдындағы барлық проблема түгел шешіліп бітті ме? Бітпесе, елім, жерім, тілім, Дінім, салт-дәстүрім деп жанын жалаулатып жүрер азаматтар Here a3?! Here соншама енжар-бұйығымыз?! Ұлттық қан, ұлттық сана, ұлттық намыс қалай салқындап қалған бойымызда?! Бұдан құтылар жол біреу, ол - отаншылдық сезімді ояту, бұрынғы өткен замандағы елді, халықты сүюдің үлгілерін насихаттау», деген екен. Ендеше, қазіргідей «елді сүюдің» үлгісі шау тартқан тұста, жоғарыдағы Алаш арыстарының өнегесін неге насихаттамаймыз?! 3 НАУРЫЗ 2022 ЖЫЛ 10 EGEMEN ОА?лавтАух ӘЛЕУМЕТ МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ
{ "date": "№43 (30272) 3 НАУРЫЗ", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30272" }
Қар барысын сақтайық!»
Әли БИТӨРЕ,
Қар барысы жойылып кету қаупіне байланысты Халықаралық табиғатты қорғау одағының «Қызыл кітап» тізіміне және жануар мекен ететін барлық 12 елдің, соның ішінде Қазақстанның да «Қызыл кітабына» енген. Бір айта кетерлігі, кейінгі 40 жылда Қазақстандағы ілбістің популяциясы шамамен 180-200-ден 135-170 басқа дейін қысқарған. БҰҰ ДБ бірнеше жылдан бері Қазақстан Үкіметімен бірлесіп Ғаламдық экологиялық қордың (ҒЭҚ) қолдауымен қар барысының популяциясын қорғау және сақтау бастамасын іске асырып келеді. Атап айтқанда, ғылыми зерттеулер, браконьерлікке қарсы іс-қимыл, қар барысы мекендейтін орындардың қорғалуын күшейту, экологиялық ағарту, ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша іс-шаралар жүргізілуде. «Egemen Qazaqstan» Открылось наследство после смерти Кайпбаевой Зейнекуль, умершей 07.10.2022 г. Наследников просим обратиться к нотариусу Бимановой P.O., по адресу: город Тараз, улица Ниеткалиева, дом 10, кв.4. Телефон: 8 701 757 43 73. 21 ҚАЗАН 2022 ЖЫЛ 16 EGEMEN @azAe@sTan ДИДАР ТАҒЗЫМ
{ "date": "№202 (30431) 21 ҚАЗАН", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30431" }
Қымызхананың алдында тұрған үш аяқты темір ошақ ерекше
Торде-дуан екен. Көне ошақ 1992 жылы Аккелден Аюдың Жарық бидайығы деген жерден табылыпты. - Біздің ата-бабаларымыз кезінде Ақкөлден Аюдың Жарық бидайығы арқылы Тосынға көшкен. Тосын - біздің жайлауымыз. Сол көштің бірінен түсіп қалған нәрсе ғой - бұл. Осы ауылдың жігіттері киік қуып жүріп тауып алыпты. Бір аяғы ғана көрініп жатқан. Содан уақыт өте келе үстін топырақ басып көміліп қалған ошақтың шошайып шығып тұрған бір сирағы көліктің доңғалағына кіріп кетеді. Аңшылар түсіп қараса, осы темір жатыр екен. Қазып алғанда, кәдімгі ескідегі көшпенді жұрттың ошағы екенін көреді. Кейін осы ошақты алып кеткен жігіттің үйіне әдейі барып көрдім. Бір жері дәнекерленбеген, тұтас істелген. Мұны да сатып алдым,- дейді Мәлік аға. Көшпенділердің көзіндей болған көне ошақ, не де болса, асқан бір шебер ұстаның қолынан шықса керек. Үстіне қазанды кигізіп қоя салуға болады екен. Қазанның түбі найза ұшты үш ұстағышқа барып тіреледі. Жан-жағы ашық, көшіп-қонуға ыңғайлы, жеп-жеңіл дүние екен. Қапталында құман ілетін ілгегі,түйеге артқанда арқан өткізіп, байлап қоятын арнайы шығыршығы бар.
{ "date": "№184 (30413) 27 ҚЫРКҮЙЕК", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30413" }
Расымен, бір нәрсені өзгерту өзімізге байланысты
Президент ұсынған реформаның негізгі мәні — мемлекет, яғни билік өкілдері мен бұқара арасында нақты нәтиже беріп, қордаланған проблемалардың жүйелі шешімін табуға арқау болатын екіжақты тиімді диалог ұйымдастыру. Аймақтық, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының белсенділігін жетілдіру, азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуды көздейді. Жүйенің қалыптасуына кедергі тигізіп отырған әкімшілік ықпал, әсерді әлсіретуге бағытталған. Себебі саяси реформаның экономикалық реформалармен қатар жүруі өзекті. Табысты экономикалық өсім саяси жүйенің икемділігіне де байланысты. Ал саяси жүйенің негізгі формуласы: мықты Президент - ықпалды Парламент малар экономикалық және аймақтық қауіпсіздік тұрғысынан өзге Орталық Азия елдеріне әсер етпей қоймайды. Қазақстан - аймақтағы экономикалық көшбасшылардың бірі. Орталық Азия елдерінің экономикасы бір-бірімен тығыз байланыста. Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуы аймаққа тікелей әсер етеді. екенін сезіну - бұл немқұрайдылықтың ең жақсы емі. Сонымен қатар таза техникалық инновацияларды белсенді түрде енгізу - сайлаушылардың бірыңғай электронды базасы және дауыс берудің балама түрлерін кезең-кезеңімен кеңейту оң өзгерістерге ықпал етеді.
{ "date": "№52 (30281) 17 НАУРЫЗ", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30281" }
Елорда «сары аймаққа» енді
Елордадағы коронавирус бойынша эпидемиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты Нур-Султаннын бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қала тұрғындарына иммундаудан өтуге және сақтық шараларын ұмытпауға шақырды. [54 Рауан КАЙДАР, «Egemen Qazaqstan» Санитарлық дәрігердің сөзіне Kapaғанда, егер азаматтарда ПТР тесті оң нәтиже көрсетсе немесе олар науқастармен тығыз байланыста болса, онда КВИ таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес бұл адамдар қашықтықтан жұмыс істеуге ауысуы керек. «Және де баршаңызды адамдар көп жиналатын орындарға бармауға шақырамын. Өздеріңіз көріп отырсыздар, вирустың беті қайтар емес, ауру қайтадан өршіп жатыр», деді Сархат Бейсенова. Оның айтуынша, вакцина және ревакцина инфекциядан жалғыз қорғаныс болып қала береді. Сондықтан сырқаттанушылықтың өсуіне тек вакциналау мен ревакциналаудан өту арқылы ғана қарсы тұруға болады. «Өзіңіздің, жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндірмеңіз. Коронавирусқа қарсы вакцина алыңыз. Сондай-ақ астананың «жасыл аймақта» болуына қарамастан ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша жабық мекемелерде және қоғамдық көлікте бетперде тағу ұсынылады. Өзіңізді қорғаңыз», деп атап өтті санитарлық дәрігер. Сонымен қатар ол Нұр-Сұлтанда «Омикрон» штамына байланысты эпидемиялық ахуал нашарлағанын жеткізді. «Елордада Sars-Cov-2 вирусының «Омикрон» штамы айналымының жалғасуына байланысты эпидемиялық жағдай нашарлап, қиындай түсті. 22 маусымнан 5 шілдеге дейін (2 аптада) 414 жағдай тіркелген болса, соңғы 2 аптаның ішінде (6 шілдеден 19 шілдеге дейін) 3 970 КВИ жағдайы тіркелді, осылайша, ауру деңгейі 9,5 есеге артты», деді санитарлық дәрігер. Соңғы тәулікте 586 адамнан КВИ анықталды. Маусым айында елордада КВИ-дің 30 оң сынамасына молекулярлық-генетикалық зерттеу жүргізілді, бұл стелс-омикрон штамымен ауыру жағдайларының басым болғанын көрсетті. «Кіші түрлері бар «Омикрон» штамы өте жұқпалы болып келеді, барлық жастағы адамға тез жұғады. Алайда 20-дан 30 жасқа дейінгі адамдар арасында көбірек жұғады. Ол сондай-ақ «Дельта» нұсқасына қарағанда жұқпалы. Клиникалық белгілері - шаршау, бас ауруы және дене қызуының жоғарылауы. Өкінішке қарай, екпе алғандарда, сондайақ КВИ-мен ауырғандар сияқты уақыт өте келе ағзаның инфекциядан қорғалу деңгейі төмендейді, соның салдарынан адам қайтадан инфекцияға бейім болады», деп атап өтті С.Бейсенова. Осыған байланысты ол елорда тұрғындарына вакцинаның алғашқы курсын алғаннан кейін 6 айдан соң КВИге қарсы ревакцинадан өтуді ұсынды. Сондықтан дәрігерлер елорда тұрғындарын вакцинадан өтуге, ал уақыты келгендерді ревакцинадан өтуге шақырады. Бүгінгі таңда елордалық стационарлардың қуаттылығы 634 ковидті төсектік орынды құрайды, оның 75-і - реанимациялық. Қазіргі кезде коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуге 7 инфекциялық стационар тартылған. Бұлтуралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді. Басқарма басшысының баяндауынша, бүгінде инфекциялық стационарларда 260 науқас ем алуда, оның 238-іне коронавирус диагнозы қойылған, тағы 22 науқас пневмониямен емделіп жатыр. 17 науқас - жансақтау бөлімінде, 2 адам ӨЖЖ аппараттарына жалғанған. 153 пациент КВИ-ға қарсы вакциналаудан өтпеген, ал бұрын екпе алғандар саны- 107 адам. «Пандемия басталғаннан бері қаламызда коронавирус инфекциясын анықтау үшін 3,3 млн-нан астам ПТРтест өткізілді. Өткен тәулікте 586 жаңа жағдай анықталды. Соңғы 3 аптада орташа есеппен тәулігіне 150-ге жуық науқас тіркеліп, 20 адам ауруханаға жатқызылуда. Жыл басынан бері тек стационарларда COVID-19 инфекциясынан 6 мыңға жуық адам емделді, өлім көрсеткіші 3%-ды құрайды. 20 шілдедегі жағдай бойынша МСАК ұйымдарында 1 475 (балалар - 202, жүкті әйелдер - 79) пациент коронавирус инфекциясынан амбулаториялық ем алады. Жедел жәрдем бригадаларының - 103 қызметінің және БИСК ұйымдары жанындағы мобильді бригадалардың жұмысын атап өткім келеді. Тек өткен тәулікте жедел медициналық жәрдем стансасына жүгінгендер саны 3 768-ді құрады, шақырулар саны - тәулігіне 2 161, КВИ бойынша шақырулар саны - тәулігіне 37», деді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы. Ол коронавирустың өсуінің негізгі себептері ретінде инфекцияға қарсы иммунитеті бар адамдар үлесінің төмендеуін атады. Вакциналанған адамдар мен соңғы 6 айда ауырып, антиденелер деңгейі жоғары адамдар саны азайды. Тимур Мұратов өз сөзінде вакцина алдын алу шарасы болып саналатынын жеткізді. Бүгінгі таңда 533 мыңнан астам адам екпенің бірінші компонентін алды. 515 мыңға жуық астаналық иммундаудың толық курсынан өтті. Елордалық емханаларда 34 екпе кабинеті жұмыс істейді. Ревакцинаға келетін болсақ, 20 шілдеде 151 мыңға жуық адам бірінші кезеңнен өтті. Ревакцинаның толық циклын шамамен 6 мың адам алды. Қайта ревакцинадан 61 мыңнан астам адам өтті. «Әсіресе коронавирус инфекциясының ауыр ағымына жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалар және денсаулығына байланыста тіркеуде тұрғандар жатады: семіздік, жүрек ауруы, бас ауруы, қан тамырлары, бауыр және бүйрек аурулары бар үлкен жастағы және мультиморбидті пациенттер. Балалар арасында індеттің таралуына олардың науқастармен байланыста болуы ғана емес, балалардың вакциналанбауымен және коронавирус инфекциясына қарсы жасанды иммунитетінің болмауы РУДОЦИД ars рлан ОМАР, «ЕО». Суретті түсірген себеп болып отыр. Олардың іс жүзінде антиденелері жоқ. Қазір қалада 55 бала КВИ, 132 бала пневмониядан емделуде. Қазіргі басты міндетіміз - өткен жылдың жазында болған жағдайды қайталамау. Бәріңізді санитарлық нормаларды ұстануды, жеке гигиенаны есте сақтауды және өз денсаулығыңызды сақтауды сұраймын!», деді Т.Мұратов. Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 21 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Комиссияның мәліметі бойынша «қызыл аймақта» 0, «сары аймақта» Нұр-Сұлтан қаласы, «жасыл аймақта» Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.
{ "date": "№138 (30367) 22 ШІЛДЕ", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30367" }
Әлеуметтік мәселелерге назар аударды
Парламент Мәжілісінің депутаттары сайлаушылармен кездесіп, өзекті жайттармен танысу мақсатында өңірлерге шықты. Мәжіліс депутаттары Еділ Жаңбыршин мен Самат Мұсабаев Маңғыстау облысына барып, онда экологиялық кеңес мүшелерімен бірге Мұнайлы ауданындағы «Қошқар ата» ойпатында радиоактивті қалдықтар қоймасын залалсыздандыруға қатысты мәселелерді талқылады. Қалдықтар қоймасының жалпы ауданы 77 шаршы шақырым болса, қалдықтардың ауданы 66 шаршы шақырым шамасында. Тұрғындардың айтуынша, Маңғыстау облысының бүгінгі экологиялық ахуалы әбден ушыққан. Онсыз да қуаңшылықтан жиі зардап шегіп, су тапшылығын көретін аймақ улы көлдің де зардабын қоса тартып отыр. Қазір маңғыстаулықтар арасында онкологиялық, өкпе және жүрек-қан тамырлары аурулары, йод тапшылығы сияқты ауру түрлері көп. Денсаулығы жарамсыз ана мен одан туатын дімкас бала саны да аз емес. Мердігер мекеме басшысының айтуынша, өткен жылы бөлінген 1 млрд қаржы игеріліп, 266 гектар жер залалсыздандырылды. Биыл бөлінген 3 млрд теңгеге 800-900 гектар аймақты рекультивациялау жоспарлануда. Маңғыстау облысынан сайланған Мәжіліс депутаттары өңірдегі мәселеге алаңдаулы екенін айтып, назарларына алатындарын жеткізді. Мәжіліс депутаттары Берік Дүйсенбинов пен Ерлік Өмірғали Қызылорда қаласына барып, қаңтар оқиғасына байланысты күдікті деп танылып, тергеу изоляторында қамауда отырған азаматтармен және олардың жақындарымен кездесті. Жеке қабылдауға келген азаматтар қаңтар оқиғасына қатысы бар деген күдікпен ұсталып, тергеу изоляторында қамауда жатқан азаматтардың жағдайы туралы баяндады. Кездесу барысында мемлекет тарапынан берілетін адвокаттар мәселесі де терең талқыланып, қамауда жатқандардың туыстары ақылы адвокаттарды жалдауға қалталары көтермейтінін жеткізді. Б.Дүйсенбинов: «Тергеу изоляторында, анық айта аламын, ондай қорлық көру, олардың құқығын таптау деген орын алып отырған жоқ. Біз тергеу амалдарына араласу ойымызда жоқ. Тек, мына расымен деадасқан, жаңсақ басқан жастардың қылмыскерлердің қатарын толықтырмаса екен, әділдік болса екен деген оймен келіп отырмыз», деді. Жеке қабылдауға келген азаматтардың арыз-шағымдарымен танысқаннан кейін, депутаттар Қызылорда облыстық прокуратурасының өкілдерімен де кездесті. Қызылорда облыстық прокурорының орынбасары Д.Катаев, Қылмыстық қудалау басқармасының басшысы Б.Нұрмағамбетов және арнайы прокурорлар басқармасының басшысы А.Әлімбаев тергеу изоляторында қамауда отырған күдіктілер бойынша және құқық қорғау органдарымен жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде түсініктеме берді. Қызылорда облыстық прокуратурасы өкілдерінің мәлімдемесіне сәйкес күдікті деп ұсталған азаматтарды ұрып-соғу және олардың денсаулықтарына зиян келтіру деректері бойынша қазіргі таңда полиция қызметкерлеріне қатысты 13 қылмыстық іс қозғалған. Депутаттар тарапынан жеке қабылдауда болған азаматтардың арыз-шағымдары жинақталып, Бас прокурордың қарауына ұсынылатыны және азаматтардың заңды құқықтарының қорғалатындығы түсіндірілді. “хх Мәжіліс депутаты Юрий Ли Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен «Блогерлік - қоғамдық пікірді қалыптастырудың құралы» атты дөңгелек үстел отырысына қатысты. Елордадағы Достық үйінде өткен кездесуде ақпараттық саясатты іске асыру, әлеуметтік желілердегі заманауи технологиялардың ерекшеліктері, бейбітшілік пен келісім идеяларын насихаттау туралы мәселелер көтерілді. Отырыста қатысушылар блог жүргізу тез танымал болып келе жатқан жаңа кәсіптің бірі екенін атап өтіп, қазіргі қоғам дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда әлеуметтік желілерге көбірек сенетінін, Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары да бұл үдерістен тыс қалмайтынына тоқталды. Өз кезегінде Юрий Ли қазіргі заманда ашықтық талабы өте жоғары, бірақ соған сай нақты, тексерілген ақпаратты шығару блогерлер үшін өте маңызды екенін айтты. Қызылорда облысына сапармен келген Мәжіліс депутаттары Бақытбек Смағұл мен Ғалым Әміреев Қазалы ауданы тұрғындармен кездесті. Жалаңтөс баһадүр ескерткіші басында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев депутаттарға Әйтеке би кентінің бас жоспарын таныстырды. Алдағы уақытта кенттен 600 гектар жаңа тұрғын кварталы ашылады. Қазір инженерлік-инфрақұрылымдарын жүргізу үшін құжаттар дайындауға қаржы бөлінді. Егер мәселе шешімін табатын болса, осы аумақтан 3 мыңға жуық тұрғынға жер беріледі. Аудан басшысы Қазалыда ауыз су тапшылығын шешу үшін Байқожа топтық су құбырын қайта жаңғырту жобасы жайлы да айтып өтті. Ол жүзеге асырылған жағдайда 62 шақырым магистралдық су құбыры жүргізіліп, кентке тәулігіне 4 500 текше метр ауыз су жеткізіледі. Магистралдық құбыр бойындағы Ақсуат, Майлыбас, Қызыләскер, Көбек, Ойынды, Алтай, Байқожа мен Еңбекшіқазақ ауылдары тұрғындары үшін де басты мәселе шешімін табар еді. Мәжіліс депутаттары аудандағы өзекті деген мәселелерді назарға алып, қаржыландыру үшін тиісті орындарға ұсынатындықтарын жеткізді. Б.Смағұл мен Ғ.Әміреевтің Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде аудан жастарымен кездесуінде кейінгі толқынның көп мәселесі айтылды. Аудан жастары депутаттарға кәсіпкерлікті дамыту, категория бойынша мұғалімдер жалақысына өзгерістер енгізу жөнінде сауалдар қойып, ұсыныстарын айтты. Депутаттардың ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесуінде субсидия, су тапшылығы жайы көтерілді. Былтырғы қуаңшылықта жұрт жем-шөпті қымбат бағаға сатып алуға мәжбүр болды. Ұңғымалар қазып, су шығарудың амалын жасамаса, ауылда дамал ұстау тиімсіз болып барады. Ғ.Әміреев бұл мәселені Ауыл шаруашылығы министрінің назарына жеткізетінін айтты. Медицина саласының қызметкерлерімен кездесуде Мәжіліс депутаттары пандемия кезінде күндіз-түні сапта тұрған дәрігерлерге ризашылықтарын жеткізді. Сапар барысында халық қалаулылары аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
{ "date": "№35 (30264) 21 АҚПАН", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30264" }
Жас спортшыларды құттықтаған қалалық білім бөлімінің басшысы
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
Гүлсім Оразбаева бүгінде мектеп қабырғасында білім алып жүрген жасөспірімдердің ұлттық спортқа, әсіресе қазақ күресіне деген қызығушылығы мол екенін атап өтіп, мұндай спорт жарыстарының өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өнеге-тағылымы айрықша екендігіне тоқталды. - Жалпы, Қостанай жері көптеген ұлт қайраткерін дүниеге келтірген киелі мекен. Кешегі Алаш арыстары осы елдің жарқын болашағы үшін, бүгінгі жастар үшін қызмет етті. Спорт пен білім егіз. Осы қағиданы жадына іт, түйіп өскен жас жақсы азамат болып қалыптасады. Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялағанын білесіздер. Президент балалардың құқықтарын қорғап, дарынды балаларды қолдау керектігін ерекше атап өткен болатын. Өнегелі білім, үлгілі тәрбие алу сіздердің басты міндеттеріңіз. Биыл, міне «Рухани жаңғыру» бағдарламасына да бес жыл толады. Ұлттық спортымызды насихаттау осы рухани жаңғырудан басталады. Бүгін боз кілемге шығып бағын сынайтын жас балуандардың бәріне сәттілік серік болсын! - деді білім бөлімінің басшысы. «Бала барысынан» үміткер өрендердің қай-қайсысы да осал емес. Бұған дейін аудандық, облыстық турнирлерде ысылып, үздіктер қатарынан көрініп жүрген кіл мықтылар. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынның бәрін Қостанай ауданының жас балуандары ұтып алды. Ш орынды Дәулет Мұхабетқали еншілесе, П орын Нұржан Аманбаевқа бұйырды. Ал қарсылас шақ келтірмеген Ерлан Айдос Қостанай облысының «Бала барысы» атағын жеңіп алды. - Төрт жыл қатарынан тынбай жаттығып келеді. Шәкіртімнің болашағынан зор үміт күтемін. Алда Шымкентте өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алды, сонда бағын сынайтын болады, - дейді Айдостың бапкері С.Дэрменбаев. ҚОСТАНАЙ «Egemen Qazaqstan»
{ "date": "№60 (30289) 31 НАУРЫЗ", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30289" }
Сыртқы істер министрінің орынбасары
Роман Василенконың айтуынша, келісімді ратификациялау Қазақстанға және Швейцарияға өз дипломатиялық өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктерінің, сондайақ консулдық мекемелері қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне екі мемлекеттің аумақтарында ақылы еңбек қызметін жүзеге асыруына байланысты мәселелерді өзара негізде шешуге мүмкіндік береді. «Қазіргі уақытта Швейцария Қазақстанның Еуропадағы негізгі саяси, сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Осы Келісімді ратификациялау елдер арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға оң әсерін тигізеді. Сондай-ақ өз елдерінің дипломатиялық қызметінде жұмыс атқару үшін шетелге жолданатын Қазақстан мен Швейцарияның дипломатиялық қызметтері персоналының отбасы мүшелеріне қолайлы жағдай жасайды.
{ "date": "Qat_ar2022\n", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30450" }
Халықаралық салық және инвестициялық орталықтың президенті
Ассоль МИРМАНОВА,
ОҚИҒАҒА ОРАЙЛАС ОЙ Саяси мәдениеттің индикаторы Сайлауға дейін көптеген сарапшының маңызды науқанды қазақстандықтардың Қасым-Жомарт Тоқаевқа деген сенімі қаншалықты екенін айқындайтын ісшара ретінде қарастырғаны рас. Әлемде қалыптасқан геосаяси жағдайды және ел ішіндегі ахуалды сараласақ, өзге кандидаттар оған лайықты қарсылас атанды деу қиын еді. Үміткерлердің сайлауалды бағдарламасында назар аудартар құнды ақпарат болмады. Олардың бағдарламалары терең сараптама жасауға келмейтін әлсіз болды десек, артық айтқанымыз емес. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауға дейін әр әлеуметтік топпен кездесіп, олардың проблемаларын шешуге тырысты. Әу баста оның жұмыс бағыты орта және әлеуметтік әлсіз топтарды қолдауға бағытталғанын атап өткен жөн. Әсіресе ана мен баланы қолдау, тұрғындардың өмір сапасын арттыру сияқты маңызды әлеуметтік мәселелерге мән береді. Бұл қадамдар электорат тарапынан жоғары бағаланды. Әлідеболсынатқарылар шаруа аз емес. Мәселен, қазақстандық саяси мәдениетті дамыту мәселесі алдан шығады. Бұл- жалғыз ел басқаратын азаматтардың ғана проблемасы емес, азаматтық қоғамның да«дерті». Астанамен Алматы қаласындағы абсентеизмнің деңгейі жоғары болуы ондағы тұрғындардың саны көп болуымен байланысты шығар. Алматы қаласында әдеттегідей дауыс берушілердің үлесі аз болды. Әйтпесе, бұл шаһардың әлеуметтікэкономикалық дамуы табысты жалғасып, тұрғындары да елдің саяси өміріне бейжай қарамайтындай жөні бар еді. Астана қаласында да электораттың жартысы ғана дауыс беруге келген. Бұл — тұрғындардың қалған бөлігі өздерінің тұрмыс жағдайының төмендігін елдің саясатымен байланыстыратынын айқындағандай. Жалпы, сарапшылардың көбі бұл сай лауда тартыс болмады деп сын айтқанын естіп жүрміз. Десе де әлемдегі геосаяси жағдайға қарап бұлай орын алуы да заңдылық шығар деген ой келеді.
{ "date": "№223 (30452) 22 ҚАРАША", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30452" }
Саясат және құқық бөлімі
Бану ӘДІЛЖАН
МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Нұр-Сұлтан - авіапа(федетеп.К2 Ақтау - [email protected] Ақтөбе - [email protected] Талдықорған - [email protected] Атырау - [email protected] өкшетау - [email protected] арағанды — [email protected] ызылорда - [email protected] Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ЖШС компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Едетеп Qazaqstan» газетінде жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мәтініне тапсырыс беруші жауапты. Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыс телефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ) ТАРАЛЫМЫ 104 158 дана [a] ISSN 1999-9720 9 ТІ 972005 ІІ ЕСЕМЕХ QAZAQSTAN Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады МЕНШІК ИЕСІ: «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ЖШС Дархан ҚЫДЫРӘЛІ - «Егемен Қазақстан» РГ» ЖШС бас директоры Экономика бөлімі Қымбат ТОҚТАМҰРАТ
{ "date": "№139 (30368) 25 ШІЛДЕ", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30368" }
Саясаттанушы, ҰҚСК мүшесі
Расул Жұмалы «Бұған дейін елімізде, халықаралық кеңістікте орын алған саяси ахуалды ескергенде Президент Қ.Тоқаевтың қоғам алдына саяси реформаларды жүзеге асыруға қатысты шешім қабылдауы батыл қадам», деп атап өтті. «Ал референдум өткізу өркениетті қоғамға тән. Әрине, болар іске сыншы көп. Осы орайда кез келген елдегі саяси реформаларды ой елегінен өткізіп, талдау жасаудың маңызы мол», деді сарапшы. Р.Жұмалының айтуынша, бүгінде мемлекеттік құрылым осындай сараптамалық ғылыми тұжырымдарға зәру. «Қоғамды соңғы онжылдықтарда белең алған әділетсіздік, әлеуметтік теңсіздік, жемқорлық, ашықтықтың жеткіліксіздігі сияқты факторлар алаңдатып келді. Осы орайда көше демократиясымен емес, қоғамның өзін саяси үрдістерге қатыстыра отырып оң нәтижеге қол жеткізудің маңызын уақыт көрсетіп отыр. Осы орайда өзгерістерді қалап отырған қоғам үшін референдумның барысын түсіндіру жұмыстары жеткіліксіз жүріп жатыр», деген Р.Жұмалы сауатты, өркениетті ақылға жеңдіретін реформалар дәл осы кезеңде еліміз үшін аса қажет екенін атап өтті. Философия ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сәбит халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, кадрлар даярлау, қоғамдағы әділеттілік туралы пікірімен бөлісіп, елдегі реформаларды қолдайтындығын білдірсе, институттың бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының кандидаты Раушан Сартаева «Өтпелі кезеңде еліміз жаңғыруына бағытталған міндеттерді жылдам жүзеге асырудың маңызына тоқталып, әлеуметтік, құқықтық мэдениетті арттыру, рухани дамуымызға мән бере отырып, мықты құқықтық базамызды қалыптастыру қажет», деп атап өтті. Бұл бағытта сапалы білімнің, отбасының, бүтіндей қоғамның белсенділігі маңызды екенін де алға тартты. Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға зерттеушісі Әбен Дәурен реформаларды жүзеге асырудан туындаған қарама-қайшылықтар төңірегінде ой қозғап, әрбір пікірге қатысты дәйекті ойларын ортаға салды. Сарапшылардың пікірінше, сындарлы кезеңде жүзеге асатын іс-қимылдарға байланысты сыни пікірлердің болатыны заңдылық. Дегенмен ішкі, сыртқы жағдайларды ескере қарағанда Президент ұстанып отырған реформаторлық бағыттың қорытындысы таяу келешектің еншісінде. Ал жалпыұлттық референдумның нәтижесі әрбір қазақстандықтың ел болашағына деген сенімінен көрініс табады. АЛМАТЫ [54 19 МАМЫР 2022 ЖЫЛ 5 МАУСЫМ - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ EGEMEN QAZAQSTAN 3 Жаңа Қазақстан құрудың НеГІЗІН талқылады Сенат депутаттары Ақылбек Күрішбаев, Ләззат Сүлеймен және Еділ Мамытбеков Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесті. Отырыс барысында сенаторлар Конституцияға енгізілген өзгерістер елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар аясында жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Ақылбек Күрішбаев жиналғандардың назарын Конституцияға енгізілген өзгерістер аясында жер мәселесі түбегейлі өзгертілетініне аударды. Жер халықтың меншігіне айналады. «Бұл өзгерістер Жаңа Қазақстанды құрудың негізі болады. Сондықтан жастардың мұны түсініп, референдум науқанына қатысуы өте маңызды. Бізде ақылды, өнерлі оқушылар көп екенін білемін. Сондықтан мен еліміздің болашағына толық сенімдімін», деді депутат. Сенатор Ләззат Сүлеймен бұл шешімдер мен өзгертулер арқылы Мемлекет басшысы «суперпрезиденттік» басқару жүйесінен күшті Парламенті бар президенттік басқару жүйесіне көшу туралы шешім қабылдағанын айтты. Өз кезегінде депутат Еділ Мамытбеков Конституцияға өзгерістер мен толықтырулардың жалпыхалықтық референдумда енгізілуі тарихи оқиға екенін баса айтып, бұл үдеріске барша қазақстандықтардың қатысуының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, кездесу барысында студенттер сенаторларга мемлекеттік тілді дамыту, жерді пайдалану секілді өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды.
{ "date": "№93 (30322) 19 МАМЫР", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30322" }
Кері байланыс көпшілік көңілінен шықпай тұр
Хамит ЕСАМАН,
Көпшілік тарапынан көтерілген күрделі мәселеге дер кезінде жауап беру - уақыт талабы. Бұл ретте әлеумет пен әкімдердің тығыз байланыста болуы да өте маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында жергілікті биліктің басшыларына бұқарамен бірлесе жұмыс атқаруды тапсырған болатын. Президенттің бұл тапсырмасы өңірлердегі талай түйткілді мәселенің оң шешілуіне ықпал етіп келеді. Түрлі деңгейдегі әкімдер де көпшілікпен кездесулерінде барлық сала бойынша тиісті жұмыстардың атқарылып жатқанын айтады. Әрине, әр өңірде жүйелі жұмыс баршылық. Дегенмен күрделі мәселе де көп. Оның бәрі де оң шешілуде деп айту қиын. Кері байланыс көптің көңілінен шықпай келе жатқан аймақтар да бар. «Egemen Qazaqstan» Кері байланыс мәселесі жергілікті шенеуніктерге де байланысты. Өкінішке қарай, көп басшылар жалтарма жауаппен ғана шектеледі. Мұның аяғы жалған уәде беруге алып барады. Бүгінде Жамбыл облысында да кері байланыс көңіл көншітпей тұр. Мәселен, осы күнге дейін Шу, Меркі, Мойынқұм аудандарында халықтан түскен сауалға мүлде жауап берілмеген. Бұл ретте облыс әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Асқарұлы өз деңгейінде жауап берілмегендіктен немесе сапасыз жауап берілгендіктен, қарапайым мәселенің өзін элеуметтік желі қолданушылары облыс әкімін белгілеп, республикалық деңгейде көтеріп жататынын айтады. «Тағы да айта кететін мәселе, өңірдің баспасөз қызметіне республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен көптеген сауал-хаттар түсіп отырады. Бұл хаттар негізінен облыс әкімінің атына түседі және оған да әкімнің атынан жауап беріледі. Осы ретте жауап беруде бірқатар кедергі туындап жатады. Аудандар мен басқармалардағы тиісті мамандардан сапалы және уақтылы жауап алу қиынға соғады», дейді Данияр Асқарұлы. Мұндай жағдайды тілшілік тірлігімізде басымыздан біз де өткергенбіз. Қазір жұмыс істеудің тиімді тәсілі көп. Мәселен, Жуалы ауданындағы «Қаралма» таушаңғы базасының құрылысы мен қаржысына қатысты мәселе біраз уақыттан бері көтеріліп келеді. Алайда жауапты мекемелер мұның жауабын бір-біріне сілтеп отыр. «Тараз» ӘКК» АҚ толық жауап бере алмайтынын айтса, туризм, құрылыс және кәсіпкерлік сияқты үш үлкен басқарма да аталған нысанның құрылысы мен қаржысы өздеріне қатысты емес екенін айтуда. Сонда мұның жауабын аталған мекемелер, оның басшылары білмегенде кім біледі деген ой келеді. Әрине, өңірдегі мәселе жалғыз бұл емес. Бүгінде жауабы берілмей жатқан талай сауалды айтуға болады. Қарапайым тұрғындар түрлі мәселені басылым бетінде және әлеуметтік желіде ғана емес, бүгінде «Jambyl 109» қызметіне қоңырау шалу арқылы да жеткізе алады. Бүгінге дейін мұнда да көптеген өтініш түскен. Алайда кері байланыстың нашарлығы бұл жердендеанық көрінеді. «Жамбыл облысы бірыңғай диспетчерлік қызметі» мекемесінің басшысы Бақкелді Тұрсынбектің айтуынша, биыл 18-25 сәуір аралығында 895 тұрғыннан СаП-байланыс орталығы, Instagram, WhatsApp, Telegram және Facebook арқылы өтініштер түскен. Өтініштер тиісті атқарушы және жауапты мекемелерге жолданған. Оның ішінде 318 жағдай, 17 арыз, 12 ұсыныс және 5 алғыс, 539 кеңес берілген. Мәселен, түскен өтініштердің ішінде 6 өтініш мерзімінен кешіктіріліп жабылған. Оның ішінде облыстық ветеринария басқармасы, Тараз қалалық тұрғын-үй және коммуналдық шаруашылық бөлімі мен «Жасыл Ел-Тараз» сияқты мекемелер бар. Ал қалған 12 мәселенің мерзімі ұзартылса, 12-сіне мүлдем жауап берілмеген. «Мысалы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан ағымдағы жылы 94 өтініш тіркелген. Оның 70-іне мерзімді жауап ұсынылған. Ал 12сіне мерзімінен кешіктіріліп жауап берілген. Соңғы уақытта тұрғындар тарапынан «109 қызметіне» терапевтің қабылдауына жазылу бойынша көп өтініш түскен. Аталған мэселені шешуде «Ратите4д» ЖШСмен интеграциялау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, биыл мамырдан бастап қала тұрғындарын отбасылық дәрігердің қабылдауы «109 қызметі» арқылы іске асырылады. Сонымен қатар емханаларда 66 ОБЛЫСТЫК ДЕНСАУЛЫК САКТАУ БАСКАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЭСЕТКАЛИЕВ КЕРІБАЙЛАНЫС ЖҰМЫСТАРЫНДА КЕМШІЛІКТІҢ БАР ЕКЕНІН МОЙЫНДАЙТЫНЫН, МҰНЫҢ БӘРІ ТІКЕЛЕЙ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫНЫҢ КІНӘСІ ЕКЕНІН ЖЕТКІЗДІ. ЯҒНИ БІР ӨҢІРДІҢ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ СЫЛТАУЫ - КЕРІ БАЙЛАНЫСПЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН АДАМ ДЕМАЛЫСҚА КЕТКЕН. ОРНЫНА УАҚЫТША АДАМ АЛМАҒАН. ЯҒНИ БҰЛ МІНДЕТТІ БАСШЫ ЕШКІМГЕ ЖҮКТЕМЕГЕН. дәрігерлердің жұмыс кестесіне байланысты да тұрғындардың шағымдары көбеюде», дейді Бақкелді Тұрсынбек.
{ "date": "Ne84 (30313) 5 МАМЫР", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30313" }
Сервистік полиция халыққа мінсіз қызмет
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Мұрат Қабденов қызметке кіріскен алғашқы жұмыс күндерін азаматтарды жеке қабылдауға арнады. Мұнан кейін ішкі істер органдарында білімді, өз ісіне адал және жауапты қызметкерлердің қатары көбейгенін қалайтынын аңғартып, талапқа сай жас мамандарды жұмысқа тарту мен қабылдау үшін «Ашық есік» күні өткізілді. Өңірдің ғана емес, Шымкент қаласы мен Жамбыл облыстарының жастары да келіп, рухани астанада қылмыстың азаюына өз үлестерін қосу ниеттері барын білдірген. «Egemen Qazaqstan» Қызметін осындай игі қадамдармен бастаған генерал-майор Мұрат Қабденов тұрғындардың мәселесі бэр1нен де маңызды деп есептейді. Күндіз басталған кездесуі түнгі уақытқа дейін жалғасқан. «Түркістан - күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен. Бұл жерде сопылық ілімнің негізін қалаушы, ақын, философ Қожа Ахмет Ясауи бабамыз жерленген. Түркістанда жүздеген ханымыз бен билеріміздің, батырларымыз бен ақындарымыздың, әулие-әмбиелеріміздің мазарлары бар. Бабалар сөзімен айтқанда Түркістан - түмен бап жатқан киелі өңір. Бір жағынан Түркістан облысыменің туып-өскен, балалық шағым өткен құт мекен. Сондықтан қасиетті өңірге деген құрметім ерекше. Құт мекенде уақытпен жарыса зәулім ғимараттардың құрылысы қарқынды жүріп, қаланы тамашалауға келіп жатқан туристер санының артуын, демографияға оң әсер етіп, халық санының да өсе бастағанын байқауға болады. Ал бұл өз кезегінде облыс полицейлерінің тәртіпті қадағалап, қауіпсіздікті жоғары деңгейде қамтамасыз етуіне әкеледі. Демек бұл ретте киелі облыстың тәртіп сақшыларының қатары артып, білім-біліктіліктері де жетілдірілуі керек», дейді генерал-майор. Осы орайда 2019 жылы құрылған туристік полиция тобының қатарындағы сақшылар өз білімдерін жоғары оқу орындарында жетілдіруде. Олар шетелден келген азаматтарға қызмет көрсетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болғандықтан бірнеше тілде еркін сөйлейтін, полиглот маман болуы заман талабы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауларында құқық қорғау саласының қызметкерлеріне және олардың білім-біліктері мен қызметіне ерекше көңіл бөлуде. Өңірде тәртіп сақшыларының мінсіз қызмет атқаруына мүмкіндік жасалуда. Мысалы, учаскелік полицейлердің тәулік бойына көшеде және қоғамдық орындарда қызмет атқаруы, дабыл болғанда дер кезінде оқиға орнынан табылуы үшін талапқа сай стационарлық бекеттер салынуда. Олардың саны биыл да артады. Полиция департаментінің бастығы келтірген мәліметтерге қарағанда, өңірде ұрлық қылмысы 26,4%ға, мал ұрлығы 17,1%-ға, бұзақылық 26,7%-ға азайған. «Жалпы, алдағы уақытта да қылмыстарды азайту мен болдырмаудың жедел шараларын қарастыру, тез арада шешім қабылдау мақсатында жұмыстар тікелей бақылауымда болады. Мемлекет басшысы адамдардың құқықтары мен бостандықтары заңға сәйкес қорғалуын, қауіпсіздік тиісті деңгейде қамтамасыз етілуін, учаскелік полицейлердің мәртебесін арттыруды жүктеді. Бұдан бөлек «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ашық, қолжетімді болу, халықтың мұң-мұқтажына дер кезінде жауап беру, арыз шағымдардың заңды қаралуы үшін үш буынды модельді енгізіп, «сервистік полиция», «жұртқа жақын полиция» қағидаты сынды ел игілігі жолындағы тапсырмалар берілді. Осыған сәйкес министрліктің тікелей нұсқауымен еліміздің барлық аймағында аталған жобалар іске асырылуда. Сервистік полиция — халыққа мінсіз қызмет деп түсінемін. Яғни біз заманға сай бола тұра, азаматтардың арыз шағымдарына дер кезінде назар аударып, уәждерін ести білуіміз керек. Халықты үрейлендіруші емес, қайта жақын, жанашыр, қиындыққа тап болған сәтте қамқор, ерлікпен пара-пар істерді жасайтын, тәуекелшіл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және одан жиіркенетін, өзінің білімі мен біліктілігін жетілдіруші полицей болуымыз қажет», дейді М.Қабденов. Сондай-ақ генерал-майордың пікірінше, егер халық өз балаларын, қауіпті қызметті тәулік талғамай атқарып жатқан полиция қызметкерлерін қолдамаса, жанашырлық білдіріп, ағалық ақылдарын айтып, бағыт-бағдар көрсетпесе атқарып жатқан істің барлығы бекер болмақ. Ал халық пен биліктің ой-пікірі бір жерден болса, алынбайтын қамал жоқ деп есептейді. «Осы сәтте қаңтар оқиғасы еріксіз көз алдыма келеді. Себебі сол оқиғада қауіпсіздікті қамтамасыз етемін, бұзақылықты тоқтатамын деген полицейЛер, әскерилер мен қарапайым халық зардап шекті. Бірінің ұлы, жалғызы, үкілеген үміті, ал енді бірінің асыраушысы, отбасының тірегі, отағасы, бірінің жақыны, туысы мен сенімді адамы мерт болды. Әрине бұрыннан біздің ұйыған татулығымызды көре алмаған арам пиғылдылар, оңтайлы сәтті күткен арандатушылар іліп әкетіп, жауыздық жасады. Қырды. Елдің ұландарымен қырқысуды, халыққа одан сайын қарсы қоюды көздеді. Президентіміздің сарабдал саясаты мен білімінің арқасында татулығымыз қайта тұрақталды. Қирағандар қайта қалпына келуде. Сондықтан осы күнімізге де шүкір етейік! Қандай іс болса да, біртіндеп бой тіктейді. Гүл бірден бүршік жармайтыны сияқты әрекет те бір мезетте нәтижеге алып келмейді. Ендеше біздің елімізді әлі алдағы уақыттарда да үлкен игі істер, ел басқарған білімді ерлердің арқасында оң өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін», дейді генералмайор. Түркістан өңірінде де қаңтар оқиғасы кезінде кішігірім шерулер болды. Оны жоққа шығара алмаймыз. Өйткені халық бір-бірін қолдады. Қымбатшылық бойынша өз пікірлерін білдірді. Бірақ үлгі боларлығы олар заңсыздыққа бармады. Мемлекет мүліктерін бүлдірмеді. Адам шығыны жоқ. Өңір жұрты өздерінің сабырлы екендіктерін көрсете білді. Биыл өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау мақсатында «Балалар жылы» деп жарияланғаны мәлім. Осы орайда тәртіп сақшылары жыл басын жақсы бастамамен, яғни «Абайлаңыз, балалар!» атты іс-шарамен бастады. Қазіргі уақытта аталған шара облыстың барлық аудандарында іске асуда. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол бойына жақын орналасқан мектептердің алдына инспекторлар бекітілген. Сонымен қатар инспекторлар әрбір мектептің сыныптарына барып, оқушылармен арнайы сабақтар өткізуде. Заң аясындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жасөспірімдер арасында және олардың қатысуымен болатын қылмыстардың алдын алуда, себеп-салдарын жеткізуде. Генерал «Балалар жылында» ғана емес, басқа уақыттарда да олардың қорғаны, қауіпсіздігін қамтамасыз етуші тәртіп сақшысы болу үшін бұл бағыттағы жұмыстар жүйелендіріліп, жалғасатынын айтады. Түркістан облысы ТАЛАП ЖӘНЕ ТӘРТІП Жоқ малды субсидиялаған Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасында экспорт өнімдерін шығаратын кәсіпорын басшылары мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігіне қарасты облыстық департаменттің өкілдері бас қосып, кәсіпкерлерді түрлі салада бой көрсетіп қалып жататын жемқорлық тәуекелдерінен қорғау мәселесін сөз етті. Сонымен қатар жиында ауыл шаруашылығын субсидиялау барысында туындайтын жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жолдары қарастырылды. Нұрқанат ҚҰЛАБАЙ, «Egemen Qazaqstan» Кездесуде департамент басшысының бірінші орынбасары Данияр Смағұлов кейбір мемлекеттік органдар әлі де болса кәсіпкерге қызмет көрсету мерзімін созып жіберу немесе басқа да түрлі негізсіз кедергілерді ойлап табу сияқты келеңсіздіктерге жол беріп отырғанын айтты. - Мұндай келеңсіздіктерді біз бірлесе жұмыс істегенде ғана жоя аламыз. Әсіресе сыртқы сауда саласындағы жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға, еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салуымыз керек, - деген департамент басшысының орынбасары ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау барысын талдау жұмыстарының қорытындысын мысал етті. Мәселен, ауыл шаруашылығын субсидиялау түрінде қолдауға соңғы 5 жыл ішінде мемлекет 2 трлн теңгеден астам қаржы бөліпті. Алайда осыншама қыруар қаржының мақсатты жұмсалуын бақылаудың жоқтығы мен жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мемлекет қолдауының тиімділігін едәуір бәсеңдетіп жіберген. Субсидиялардың бөліну тәртібін талдау нәтижесінде көптеген олқылық пен түрлі айла-тәсілдер арқылы бюджет қаржысын қымқыруға бағытталған қылмыстық амал-әрекеттер анықталған. Олардың ішінде, тіпті ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің өздері де бар көрінеді. Алайда Данияр Смағұлов кәсіпкерлердің көбі мұндай алаяқтық әрекеттерге білместікпен араласқан дейді. Басқосу барысында ауыл шаруашылығын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің әлсіздігі жөнінде де сөз болды. - Субсидиялау саласындағы ақпараттандыру жүйесі жетілдірілмеген, сондықтан демеуқаржы алғысы келетін көпшілік жалпыға ашық, қолжетімді болуға тиіс ақпараттық базаны дұрыс пайдалана алмай отыр. Бұл құзырлы органдардың өкілдерінің өз қалауынша шешім қабылдауына мүмкіндік беріп келген. Мысалы, ақпараттық жүйеде орын алып келген олқылықтардың салдарынан шенеуніктер мал шаруашылығы саласындағы мәліметтерді бұрмалап көрсетіп отырған. Осылайша, түліктің түрін, жасын өзгертіп көрсетіп, бір табын малға бірнеше рет субсидия бөлген, тіпті жоқ малды субсидиялаған жағдайлар белгілі болып отыр. Яғни талдау-тексеру жұмыстары барысында фермада жоқ, бірақ субсидия бөліну үшін ақпараттық жүйеде ғана тіркеулі тұрған мал басы анықталып жатыр. Кейбір жүйелер арқылы субсидия алу пайдаланушының компьютерге икемі бар-жоқтығы мен интернет сапасына тәуелді болып отыр. Субсидия қаржысы санаулы секундтардың ішінде бөлінеді, ал пайдаланушы көп жағдайда зу етіп өте шығатын қысқа уақыт ішінде қажетті тетікті басып үлгермей қалады немесе интернет қуаты әлсіз болғандықтан операция аяқсыз қалады, - деді Д.Смағұлов.
{ "date": "№34 (30263) 18 АҚПАН", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30263" }
Бас редактордың бөлімі орынбасарлары
Думан АНАШ
Талғат БАТЫРХАН Жауапты хатшы Самат МҰСА Саясат және құқық бөлімі Бану ӘДІЛЖАН Экономика бөлімі Қымбат ТОҚТАМҰРАТ Әлеумет және білім бөлімі Орынбек ӨТЕМҰРАТ Мәдениет және руханият Жолдыбай БАЗАР Әдебиет және өнер бөлімі Ерлан ЖҮНІС Интернет-редакция бөлімі Динар КЕРІМ МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Ақмола облысы - Байқал Байәділ Атырау облысы - Жолдасбек Көшербайұлы Ақтөбе облысы - Баян Қуандыққызы Абай облысы - Жақсылық Сағадат Жамбыл облысы - Табиғат Мұсылманқұл Жетісу облысы - Мұхтар Күмісбек Қарағанды облысы - Қызғалдақ Айтжан Қостанай облысы - Нұрқанат Құлабай Қызылорда облысы - Мұрат Жетпісбай Маңғыстау облысы - Гүлайым Дәуітбай Павлодар облысы - Мұрат Қапанұлы Түркістан облысы - Ғалымжан Елшібай Ұлытау облысы - Ахат Құрмансейіт Шымкент қаласы - Әнуар Жұмашбай Алматы облысы - Қалмаханбет Мұқаметқали Батыс Қазақстан облысы - Қазыбек Құттымұратұлы тел.: 8 7475011901 МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: тел.: 8 7759549863 тел.: 8 7786522402 тел.: 8 7760068003 тел.: 8 7014890223 . тел: 87025768607 АНЫҚТАМА ҮШІН: тел.: 8 7470764922 тел.: 8 7753010129 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті» көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58а Астана: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ЖШС компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Едетеп Оагадз{ап» газетінде жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мәтініне тапсырыс беруші жауапты. Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыс телефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ) ТАРАЛЫМЫ 104 158 дана Шығыс Қазақстан облысы - Мерей Қайнарұлы тел.: тел.: тел.: тел.: тел.: Солтүстік Қазақстан облысы - Жақсыбай Самрат тел.: тел.: тел.: тел.: тел.: Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87;
{ "date": "№199 (30428) 18 ҚАЗАН", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30428" }
Экономикалық қатынас қандай?
Абай АЙМАҒАМБЕТ,
Қазақстан мен Украинаның алыс-берісін «тонның ішкі бауындай» деп сипаттауға келе қоймайды. Әйткенмен қу шөппен ауыз сүртудің де реті жоқ. Екі ел арасындағы экспортпен импорт деңгейінде позитивті көрсеткіш бар. Былтыр елдер арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларға жетті. «Egemen Qazaqstan» Ranking мәліметінше, коронавирус дағдарысына дейін тауар айналымы бұдан да жақсы болған. Мәселен, 2016-2019 жылдар аралығында сауда-саттық мөлшері 1,3-1,6 млрд доллар көлемінде болды. Тіпті 5,3 және 4,3 млрд долларға дейін жеткен кездері де бар: Бұл 2012, 2013 жылдардың еншісіне тиесілі. «2014 жылдан бастап Украинамен тауар айналымы құрылымында алыс-берістің басым бөлігі Қазақстанның экспортына тиесілі болған. 2012-2013 жылдары импорт басым еді. 2021 жылы Қазақстанның Украинаға экспортына айналымның 56 пайызы немесе 575,2 млн доллары тиесілі. Украинадағы Қазақстанға импорт 451,4 млн долларды құрады», деп жазады Ranking. Қазақстаннан Украинаға негізінен тас көмір (792,6 мың тонна), минералды және химиялық тыңайтқыштар (223 мың тонна), өңделмеген мырыш (12,7 мың тонна) және ферроқорытпалар (14,8 мың тонна) экспортталса, біздің ел ол жақтан ет (19 мың тонна), медикамент (879 тонна), қағаз бен картон (9,7 мың тонна), ауыл шаруашылығы құрылғылары (3,2 мың тонна) және кондитерлік өнімдер (13,8 мың тонна) сатып алған. 2021 жылы шілдеде LegalHub онлайн-платформасына берген сұхбатындағы Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев Қазақстан тарапының Украинаға 70 тауар позициясы бойынша жалпы құны 350 млн долларға экспорт жасауға даяр екенін мәлімдеген еді. «Біз Украинаның Еуропалық одақ құрамына кіруге ұмтылысы бар екенін білеміз. Алайда Украина да Қазақстан секілді Ұлы жібек жолының бойында орналасқан. Ол бойынша сауда мен инвестиция Тынық мұхитынан бастап Атлантикаға дейін жылжиды. Оңтүстік-Шығыс Азиядан Шығыс Еуропаға дейінгі аралықта сауда ағынын жүргізу бойынша Қазақстан да инвестиция-қаржылық және транспортты-логистикалық хаб бола алады. Украина тарапы «Астана» халықаралық қаржы орталығында және Astana Hub технопаркінде өз өкілдіктерін ашу бойынша ұсыныс беріп отыр. Бұл сондай ірі контекст. Бірақ қарым-қатынасты дамыту үшін кешенді әдістер қажет. Яғни Украина қазір ТМДның жекелеген келісімдерінен шығып жатыр. Біз оның себебі мен контекстін білеміз. Олай болса екіжақты деңгейде келісімге келу қажет», деген еді елшіміз. 2018-2019 жылдары Қазақстанда елші болған Иван Кулеба Қазақстанның негізінен қаржы, сақтандыру, өнеркәсіп, көтермебөлшек сауда, автотранспорт құралдары мен мотоцикл жөндеу, пошта және курьерлік қызмет салаларына инвестиция салып отырғанын айтқан еді. Қазақстандық саясаттанушы Талғат Қалиев украиналық «Перший Діловий» телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан мен Украина арасындағы ең өзекті проблема логистикаға кеЛіп тірелетінін, өйткені екі ел арасында ортақ маршрут жоқтығын айтқан. «Қазір біздің өзімізде сұйытылған газ бойынша қажеттілікті өтеу тұрғысынан қиындықтар бар, демек үшінші елдерге, оның ішінде Украинаға да экспорт қысқарады. Мұның саяси емес, экономикалық мәні басым. Жаңа газ өңдеу зауыты салынған соң өндіріс көлемі де артатын болады. Бірақ бізде қазір сұйытылған газ бағасы бұғатталып тур. Ал оның бағасы Ресейден біршама төмен, бұл да экспортқа әсер етеді», деді Т.Қалиев. 2021 жылы 18 маусымда Киевте өткен экономикалық ынтымақтастық бойынша мемлекетаралық қазақстан-украина комиссиясының 14-ші отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов екі ел арасындағы тауар айналымына қатысты негізгі басымдықтарды атаған еді. «Біздің мұнай-химия, металлургия, тамақ, химия, көлік құрастыру, құрылыс тауарлары бойынша өнімдерді жеткізуді ұлғайту бойынша мүмкіндігіміз бар», деген министр Украина тарапына түрлі салада бірлескен кооперациялық жобаларды ашу арқылы қарым-қатынасты тереңдетуге ұсыныс білдірген. Биыл жыл басында Қазақстанда украиналықтардың қатысуымен 796 компания жұмыс істеген. Олар көбіне сауда және автожөндеу (351 кәсіпорын), кәсіби,ғылыми және техникалық салалар (80 кәсіпорын), құрылыс секторларында (57 кәсіпорын) еңбек етеді. 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Украинадан келген тікелей инвестицияның жалпы ағыны 1,7 млн долларға жеткен. Бұл 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 6,5 есе көп. Бірақ 2019 жылдың көрсеткішінен 2,5 есе төмен. Қазақстандық инвесторлардың да Украинада жобалары баршылық. Былтыр қаңтар мен қыркүйек аралығында Қазақстаннан Украинаға 8,1 млн доллар көлемінде инвестициялық қаражат құйылған. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен (3,5 млн доллар) екі еседен астам көрсеткішке артық. 28 НАУРЫЗ 2022 ЖЫЛ 8 EGEMEN ОА?лавТАХ ӘЛЕУМЕТ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ӘЛЕУЕТІ
{ "date": "№57 (30286) 28 НАУРЫЗ", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30286" }
Жаңа жоба - жарқын жолға
Оралхан АХМАДИЯ,
Астанада өткен «Super Bol» жобасының шешуші кездесуіне әлемдік футболдағы есімі мәшһүр төрешілердің бірі Равшан Ирматов қазылық еткені белгілі. Өзбек маманы — әлем чемпионаттарының 11 кездесуінде бас төреші болған рекорд иесі. 2015 жылы әлемнің үздік төрешісі, сондай-ақ Азия құрлығының 5 мәрте үздігі атанған тәжірибелі судьямен сұхбаттасудың сәті түскен еді. есептеймін. Керісінше футболшылар ашуға бой алдырмай, кездесу барысы жайлы өтеді деп ойлаймын. Бұл тәжірибені Өзбекстан футбол федерациясына да енгізуді қолға алып жатырмыз. - Тәжірибе демекші, бүгінде VAR жүйесіне көшу толыққанды жүзеге - Равшан Сайфиддинович, Қазақстанға қош келіпсіз! «Super Bol» жобасының маңызды кездесуіне төрелік ету миссиясы сізге жүктеліпті... - Ыстық ықыластарыңызға рахмет! Қазақстан футболының жүгін арқалап жүрген азаматтар «Super Bol» жобасының шешуші кездесуіне қазылық етуге шақырғанда бірден келісімімді бердім. Себебі жобаның мақсаты ұнады. Жастарға деген қамқорлықты сезіндім. Бұған дейін осы тектес жобалар жайлы естіген емеспін. Қазақстан футболының аяқ алысы тәуір деп айтуға толық негіз бар. Ұлттық құрама биыл Ұлттар лигасындағы кездесулерін сәтті өткізіп, әзірге топ бастап тұр. Соңғы жылдары клубтық деңгейдегі жарыстарда да қазақстандық командалар жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүр. «Super Bol» сияқты жобалардың арқасында футболдың дамуы тың серпін алып, таЛантты жастар қатарға қосылатынына сенімдімін. Жылдан жылға жобаның ауқымы кеңейе түсетіні белгілі. Әсіресе шалғай елді мекендердегі тасада қалған жастар «жарыққа» шығып, ел футболын алға сүйрейді деген үміт мол. Біз өз тарапымыздан әріптестік танытып, барынша қолдауға әзірміз. - Сізді футбол алаңынан көрмегенімізге көп болды. Не десек те, тарихта есіміңіз алтын әріппен жазылды. ФИФА-ның үздік төрешісі атану бақ па әлде еңбектің өтеуі ме? - Үздік былай тұрсын, ФИФА-ның төрешісі атану үлкен абырой. Әлемдік деңгейдегі матчтарға қазылық ету бақыты бұйырса, еңбегіңнің еленгені. Әрі үлкен аманат арқалағаның. Өз басым төреші атанғаннан бері ФИФА-ның рефериі болуды армандадым. Ол үшін алдыңғы буын төрешілердің ойындағы әр іс-қимылын бақыладым. Сол уақытта Пьералуиджи Коллина, Маркус Мерк сияқты төрешілердің атағы дүркіреп тұрған еді. Олар сияқты кем дегенде бір кездесуге жоғары деңгейде қазылық ете аламын ба деген сауал мазалайтын. Жолым болды десе болады. ФИФА-ның ресми түрде төрешісі атана сала Финляндияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатына жолдама алдым. Әдетте мұндай мүмкіндік ешкімге беріле бермейді. Кейінгі 4 жылда 40-тан астам халықаралық ойында бас төреші болдым. Одан кейін әлем чемпионаттарының кездесулеріне төрешілік ету сеніп тапсырылды. Әрине, бақпен бірге маңдай тердің де өтеуі де болар. Өзімді дамыту үшін халықаралық тәжірибеге сүйеніп, ізденіп, жаттығып, әр кездесуден соң өзіме есеп беріп отырдым. - Соңғы уақытта әйел төрешілер жиі қазылық етіп жүр. «Super Bol» мен «Жеңіс» командалары арасында өткен кездесуде де қос қапталдағы көмекшіңіз әйелдер болды... - Бүгінде әйелдер футболы жұрттың назарын аударта бастады. Жуырда ғана аяқталған Еуропа чемпионаты соның дәлелі. Сәйкесінше, әйел төрешілердің де деңгейі артып келеді. Ерлер арасындағы кездесуге әйел төреші тағайындалуының еш әбестігі жоқ деп асып жатыр. Мұндай жаңашылдыққа көзқарасыңыз қалай? - 2010 және 2014 жылы өткен әлем чемпионатында VAR жүйесі болған жоқ. Десе де жаңа жүйенің «рахатын» сезініп үлгердік. 2016 жылы Токио қаласында өткен клубтық чемпионатта тәжірибе ретінде енгізілген болатын. Әу баста түсінбеушілік болғаны рас. Қазірдің өзінде кейбіреулер бұған уақыт көп жұмсалып, салдарынан ойынның жылдамдығы бәсеңдеп, әдемі футболдың шырқы бұзыЛады деп есептейді. Кейбір маңызды кездесулерде төрешінің бір ғана қателігі ойын тағдырын шешіп, қайкоманданы болмасын алтыннан айыруы мүмкін. Бұл ретте, әділ шешім қабылдау үшін жүйенің тиімділігі зор. Ендігі жерде қандай да бір шешімді қабылдауда көп уақыт жұмсалмау үшін бейнекамералардың санын арттырып, дұрыс ракурстардан түсіру маңызды. - Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен «Egemen Qazaqstan» ІСІ 23 ТАМЫЗ 2022 ЖЫЛ АЙМАҚ / ЖАРНАМА МЕРЕЙ Қызбел мектебі жүз жылдық тойын атап өтті Керім Қызбел! Романға арқау болған алғаусыз сезім мен мөлдір махаббаттың мекені. Алашқа аяулы Міржақыптай алып тұлғаны тудырған, үлт руханияты мен ғылым саласында орны бөлек талай текті ұлдар түлеп ұшқан алтын ұя. Осыдан дәл жүз жыл бұрын өткені өнегеге толы Қызбел мектебі ашылыпты. Ғасырлық белесін бағындырған білім ордасының мерейтойында алды жетпісті еңсерген, соңы кеше ғана мектеп бітірген 54 сыныптың түлектері бас қосты. Нұрқанат ҚҰЛАБАЙ, «Egemen Qazaqstan» Сәбит Мұқановтың әйгілі шығармасында суреттелетін сүйіспеншілік оқиғасы осы Қызбелдің төңірегінде өрбиді. Жүректерін алақанға салып, аңсар-сағынышын арқалап алыс-жақыннан алыпұшып жеткен Қызбелдің қызжігіттерін көрген адам романға эпиграф болған «Туған жер, еш нәрсе жоқ сенен ыстық, себебі сенде туып, сенен ұштық» деген екі жол өлеңді шығарған ақын да осы ауылдың перзенті шығар деген ой түйері анық.
{ "date": "№160 (30389) 23 ТАМЫЗ", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30389" }
Әуелгі назарды әлеуметтік қолдауға аударған жөн
Рауан ҚАБИДОЛДА,
Жаңа Қазақстанның алдында тұрған жарқын міндет -- жұртты жұдырықтай жұмылдырып, ұлтты балталаса бұзылмайтындай етіп ұйыстыру. Әрине, жылдар жылжыған сайын тұрғындардың тұрмысы түзеліп, белгілі бір деңгейде жағдайы жақсарып келеді. Алайда бес саусақ бірдей емес. Өмір болған соң адамзат баласы түрлі қиындықтарға тап болып, оқыс оқиғаларға ұшырап жатады. Сондықтан әлеуметтік көмек көрсету, қолдау шаралары жолға қойылған мемлекетте ғана халықтың өмір сапасы артады, ұлт болып ұйысады. «Egemen Qazaqstan» 3, 464 адам арнайы әлеуметтік қызметпен қамтылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервіне өткен азаматтармен кездесуде «Алдағы кезеңде ХХІ ғасырдың табысты мемлекетін құруға дайын кәсіпкерлердің, ғалымдардың, мәдениет қайраткерлерінің, инноваторлардың және басқа да талантты жастардың жаңа буынына белсенді қолдау көрсетеміз. Түрлі салаға жауапкершілікті алудан, қалыптан тыс және тиімді шешімдер қабылдаудан қорықпайтын жаңа формациядағы басқарушылар тобы қажет. Мысалы, қазір біз мемлекеттің әлеуметтік саясатының оңтайлы моделін қарастырып жатырмыз. Соның ішінде өзектісі атаулы әлеуметтік көмек мәселелері болып тұр. Мемлекет шын мәнінде мұқтаж адамдарға көмектесуге тиіс. Үкімет жәрдемақыны табыстарына қарамастан барлық көпбалалы отбасына беруге ниетті. Бұған қоса аз қамтылған отбасылардың балалары кепілді әлеуметтік пакетті алады. Мектепке дейінгі балаларға қамқорлық жасалады. Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға тегін ыстық тамақ, сабаққа барып-келетін жолақысы, мектеп формасы мен қажетті керекжарақтар беріледі. Мұның бәрі әрине мемлекет есебінен», деген болатын. Президент айтып өткендей, мемЛекет шын мәнінде мұқтаж адамдарға көмектесуге тиіс. Онсыз әлеуметтік тұрғыда осал топтардың көсегесі көгеріп, берекесі кірмейтіні белгілі. Бұл ретте, ел астанасында дәл осы бағытта бірқатар маңызды жұмыстар атқарылып жатқанын айтуға болады. Мәселен, бүгінде елорданың 3 мыңнан астам тұрғыны әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер алады. Бұл мекемелерге қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдар хабарласады. Сонымен қатар стационар, жартылай стационар, үйде күтім жасау немесе уақытша көмек алуға мүмкіндік бар. Бас шаһардағы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ведомстволық бағыныстағы 10 мекеменің қызметін үйлестіреді. Олардың 6-ы тұрмыстық қиын жағдайға тап болған адамдарға стационар, жартылай стационар, үйде күтім жасау және уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Бұл орталықтардың қызметтер тізімінде әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық және элеуметтік-құқықтық көмек бар. «Арнаулы әлеуметтік қызметтермен биыл 3 464 адам қамтылды. Соның ішінде мемлекеттік мекемелер-- 2 268 адамға, үкіметтік емес ұйымдар 1 196 адамға қолдау көрсетті», деді Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб. Мәселен, елордада «Шарапат» элеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Бұл орталық мүгедектігі бар адамдар мен зейнеткерлік жасқа жеткен, өз бетінше жүріп-тұра алмайтын және денсаулығына байланысты әлеуметтік қызмет алуға мұқтаж қарт адамдардың стационар жағдайында тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруына арналған. Сондай-ақ үйде мүмкіндігі шектеулі адамдарға және өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін ішінара жоғалтқан қарт азаматтарға көмек көрсетіледі. Орталықтың қамқорлығында 782 адам бар. Соның 300-і - стационарда болса, қалғандарына үйінде қызмет көрсетіледі. Орталықтың жұмысын 286 қызметкер қамтамасыз етеді. Мүмкіндігі шектеулінің мүддесі «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы психоневрологиялық патологиясы бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруына арналған. Бүгінде қамқорлыққа алынғандардың саны 252 баланы құрайды. Олардың 111-1 стационар жағдайында, 141-і жартылай стационар жағдайында қызмет алады. Ал Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж, психоневрологиялық аурулары бар бірінші, екінші топтардағы 18 жастан асқан адамдардың тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруына арналған. Қамқорлыққа алынушылар саны 370 адамды құрайды. Соның ішінде бірінші топтағы мүгедектігі барлар - 75, ал екінші топтағы мүгедектер саны - 295 адам», деді спикер. Бұған қоса, елордада қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта элеуметтендіру орталығы жұмыс істейді. Мұнда уақытша (бір жылға дейін) тәулік бойы немесе тек түнгі уақытта белгілі бір тұрғылықты жері жоқ жандарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған немесе пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға қолдау көрсетіледі. Биыл орталық 235 адамды қамқорлығына алды. Соның 87-сі күндізгі, 148-1 түнгі бөлімге қабылданды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен қалада «Үміт» дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Қиын жағдайға тап болған жандар осы орталықта жарты жылға дейін тәулік бойы бола алады. Қазіргі таңда стационар жағдайында 69 адам тұрып жатыр. Соның арасында 19 әйел және 50 бала бар. Бұдан бөлек, шаһардағы «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына тұрғылықты жері бойынша үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алу үшін мүгедектігі бар балалар мен психоневрологиялық патологиясы бар мұқтаж адамдар жүгіне алады. Аталған орталықта 560 адам қамтылып, түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Үкіметтік емес ұйымдардың да үлесі бар «Қарттарға, мүгедек адамдарға және мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы санаторий-курорттық емдеу, оңалту қызметтерін көрсету мақсатында жұмыс істеп келеді. Бүгінде осы орталықтың қамқорлығында бас-аяғы 815 адам бар. Соның 756-сы зейнеткерлер болса, ҰОС қатысушылары, мүгедектері және жеңілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар саны - 57. Қуғын-сүргінге ұшырағандар- 2. Сонымен қатар қалада белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Бұл орталық 2 662 зейнеткерге қызмет көрсетеді. 2021 жылдың қараша айынан бастап орталық коммуналдық мемлекеттік мекеме мәртебесін алды», деді И.Скуб. Ведомство басшысының айтуынша, елорданың Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдарды арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлігінде қаржыландыруды іске асырады. Мәселен, бүгінде бас қалада өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға стационар, жартылай стационар және үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 8 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. «Үкіметтік емес мекемелердің қызметі бірқатар бағыттар бойынша бөлінеді. Мәселен, психоневрологиялық патологиясы бар балалар, аутистік спектрдің бұзылуы бар балалар және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар, жалпы аурулары бар біріншіекінші топтағы мүгедектігі бар және психоневрологиялық патологиясы бар бірінші-екінші топтағы мүгедектер. Аталған мекемелердің қызметі жыл сайын шамамен 700 адамды қамтиды», деді спикер. й ШЕЖІМБАЙ, «ЕО» Коллажды жасаған Қонысба! Жұмыс істеп тұрған ҮЕҰ қатарында «Балам-ай» мүгедек балаларды қолдау қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры бар. Онда жартылай стационар жағдайындағы қызметпен 224 адам қамтылды. «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігі болса, 225 адамға үйде күтім көрсетеді. «Орда» елорданың аутизмі бар балалар ата-аналарының бірлестігі» қоғамдық бірлестігі 282 адамды үйде күтім көрсету қызметімен қамтып отыр. Erekshe Analar қоғамдық қоры болса, жартылай стационар жағдайында 141 адамға қызмет көрсетіп келеді. «Береке Астана» мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестит 139 адамға үйде күтім көрсетіп жүр. «Күн әлемі» қоғамдық қоры үйде күтім көрсету қызметімен 59 адамды қамтып отыр. «АСТ Астана әлеуметтік технологиясы» қоғамдық бірлестігі жартылай стационар жағдайында 99 адамға көмек көрсетеді. Ал «Қорғау - Астана» жеке қоры адам саудасының құрбаны болған 6 адамды және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналған 21 адамды қолдау шараларымен қамтып келеді. ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ Көпбалалы аналар баспанамен қамтылып жатыр «Бірқабатты Шығыс» өңірлік жобасы аясында биыл Зайсан қаласында 2 пәтерлі 35 үйдің құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр. Аталған бағдарлама аясында 2020 жылы Сауыр шағын ауданында 18 қос пәтерлі 36 тұрғын үй көпбалалы отбасыларға берілген. 2021 жылы Сауыр шағын ауданында 62 көпбалалы отбасы тағы да «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасымен 31 қос пәтерлі 62 тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ, «Egemen Qazaqstan» газ, электр желілеріне қосылып, кәріз су құбырлары тартылып беріледі, - дейді аудан әкімінің орынбасары С.Тлемесов. - Зайсан ауданында өңірлік «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы жүйелі іске асырылып, көпбалалы отбасылар жыл сайын қоныс тойын тойлап жатыр. Басқа аудандармен салыстырсақ, тұрғын үйлердің саны мен сапасы бізде көш бастап тұр. Биыл да 2 пәтерлі 35 үйді қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз. Аталған үйлер орталық ауыз су, Жыл сайын мемлекет азаматтардың әл-ауқатын аттыруға бағытталған түрлі бағдарламалар мен жобаларды нәтижелі іске асырып келеді. Әсіресе, шалғайдағы шекаралық аудандардың әлеуетін арттыру соңғы уақытта басты назарға алынып отыр. Шекаралық аудандарды дамытудың арнайы бағдарламасы да жасалды. - Зайсан ауданы соңғы 2-3 жылда адам айтарлықтай өзгерді. Жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп, қаланың сәні мен салтанаты жарасты. Зайсан қаласына кіре берістегі көпбалалы отбасыларға берілген 2 пәтерлі үйлер бөлек бір қалашық болды. Туған қаламыздың көркейіп, гүлденгені - әр тұрғынның қуанышы, дейді қоғам белсендісі Әділхан Кэкеев. Тұрғын үйлердің көп салынуы ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының тұрақтылығының айқын көрінісі. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасының нәтижесінде ауданның демографиялық көрсеткіші жылдан жылға артып, халық саны өсіп келеді. - Мен көпбалалы анамын. Биыл кезегім келіп, жаңадан салынып жатқан 2 пәтерлі 35 үйдің біреуін алатын болдым. Жаңа үйіміздің болатынына балаларым қатты қуанып жүр. Барша көпбалалы отбасыларға осындай қуаныш сыйлап, қоныс тойын тойлау мүмкіндігін берген мемлекетімізге аналық алғысымды білдіремін, - дейді көпбалалы ана А.Омарова. Аталған бағдарлама көпбалалы аналарды қуантып қана қоймай, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен әсерін тигізді. Құрылыс заттарын сататын дүкендердің сауда айналымы артып, азаматтар жұмыспен қамтылды. Айта кетсек, ендігі салынып жатқан үйлер І, П топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жетім балалар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға берілмек. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы БӘРЕКЕЛДІ! жоспарланып отыр. Жастарды еңбекке баулудың бір жолы -- «Жасыл ел» еңбек жасағына тарту. Биыл Атырау облысында аталған жобаға 1 756 жас тартылатыны Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ, «Egemen Qazaqstan» Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Алтынбек Ахметовтің айтуынша, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы жобасын іске асыру үшін «Жеті жарғы» қоғамдық қорымен келісімшарт жасалған. Жобаға тартылған жастар көгалдандыру, абаттандыру, құрылыс бағытымен уақытша маусымдық жұмысты атқарады. - «Жасыл ел» жобасына жергілікті бюджеттен 138 млн 700 мың теңге бөлінді. Жұмыс істеген жастарға 65 мың теңге жалақы төленеді. Арнаулы логотипі бар киім жабдығымен қамтылады. Бұл жобаға өңірдегі жоғары оқу орындарының, техникалық, кәсіптік білім беру «Жасыл елге» — 148 млн теңге колледждерінің студенттерін, жұмыссыз, МЕЕТ санатындағы, кала маны мен аудандардағы елді мекендерде тұратын жастарды қатыстыру көзделіп отыр. Еңбек жасағының жұмыс мерзімі 1 маусымнан 31 тамызға дейін жалғасады,--дейді Алтынбек Ахметов. Құрылыс жұмыстарына 300 жас, ал 1 400-ден астамы көгалдандыру мен тазалық жұмыстарына бөлінеді. Әр жас бір ай жұмыс істейді. Мәселен, 18 жасқа дейінгі жастарға - 36, 18 жастан асқандарға 40 сағат жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Жоба аясында І мың жеміс көшетін егу, Жайық өзенінің жағалауын қоқыстардан тазалау, балаларға арналған ойын алаңдарын қалпына келтіру, акциялар мен сенбіліктер ұйымдастыру жоспарланып отыр. Атырау облысы 23 МАУСЫМ 2022 ЖЫЛ 10 EGEMEN @azAastan ДЕНСАУЛЫҚ БІРІНШІ БАЙЛЫҚ
{ "date": "№118 (30347) 23 МАУСЫМ", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30347" }
Стратегиялық серіктестік дами береді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президент! Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты. Президенттер келіссөздер процесін екі ел үкіметтерінің басшылығы деңгейінде жандандыруға уағдаласты. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев саяси, саудаэкономикалық, инвестициялық, көлік-транзиттік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады. Өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Қазақстан бағыты тұрақты
{ "date": "№14 (30243) 21 ҚАҢТАР", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30243" }
Жаңа дәуір бастауы
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы қол қойған заңдар туралы Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парағында пікірін жариялады. Сенат Спикері қолға алынған конституциялық реформамен Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталатынын айтады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев маусым айында өткен республикалық референдумның нәтижесін іске асыру үшін қабылданған бірқатар заңға жария түрде қол қойды. Олардың қатарында «Конституциялық Сот туралы», «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы», «Прокуратура туралы» сияқты конституциялық заңдар бар. Осылайша, билік тармақтары арасындағы байланыстың жаңа үлгісін қалыптастыруға және мемлекет басқару ісіне азаматтардың қатысуына жол ашуға мүмкіндіктер туып отыр. Сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесі нығая түсті. Президентіміз атап өткендей, конституциялық реформа Қазақстан тарихында жаңа дәуір басталғанын айқындайды. Бұл қадамдар соңғы үш жылдағы саяси өзгерістерді орнықтырып, мемлекетімізді одан әрі нығайту үшін мықты негіз қалады. Шын мәнінде, қол қойылған заңдар Әділетті Қазақстан құрудың берік құқықтық іргетасы екені сөзсіз. Алдағы уақытта Парламент Сенаты әділеттілік қағидатына табан тірей отырып, заңнамалық жұмыстарды жалғастыра береді», деп жазады М.Эпимбаев.
{ "date": "№212 (30441) 7 ҚАРАША", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30441" }
Жолдау жүктеген міндеттер салмақты
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында бюджет процестерін «қайта жүктеу» және блоктық бюджетті енгізу мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесті. Басқосуды алғысөзімен ашқан комитет төрағасы Серікбай Трұмов қазіргі кезде Президент алға қойған міндеттерді жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын және жақын арада бюджет заңнамасына тиісті түзетулер ұсынылатынын атап өтті. Сенатор Нұрлан Бекенов кездесу барысында блокқа бөлінетін бюджеттегі негізгі ерекшеліктер туралы айтып берді. Ол мұндай тәсілдің негізгі қағидаты бюрократияны барынша азайту, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қаражатты қайта бөлуде еркіндік беру және ұзақ мерзімді мақсаттарға баса назар аудару екенін атап өтті. Бұл жүйе әрбір министрліктің көп жылғы шығыстар жоспарын алуға негізделуге тиіс, ол бойынша қаражат стратегиялық бастамалар арасында өздігінен қайта бөлінетін болады. Яғни жүйе министрліктер мен мекемелерге бюджетті дербес басқару құқығын беретін болады. «Қазіргі уақытта блоктық бюджеттің жекелеген бөлшектері ғана енгізілетін болады. Ол үшін бюджеттік бағдарламаларды айтарлықтай ірілендіру, сондай-ақ бюджетті блоктар бойынша қалыптастыру керек. Сонымен қатар шығыс лимитінің көлемін айқындау, бюджетті қалыптастыру және қаржыны басқару тәсілдерін қайта қарау қажет», деді сенатор Н.Бекенов. Кездесуде Есеп комитетінің өкілдері де өз ұсыныстарын білдірді. Ұсыныстардың қатарында тексеру комиссияларына астана, республикалық маңызы бар қалалар, облыстар және қалалар бюджеттерінің жобаларына алдын ала бағалау жөніндегі функция беру туралы да айтылды. «Егемен-ақпарат»
{ "date": "№170 (30299) 14 СӘУІР", "journal": "Egemen Qazaqstan", "number": "30299" }
End of preview. Expand in Data Studio
README.md exists but content is empty.
Downloads last month
52